• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАСТАР – ОТАНҒА!» БАҒДАРЛАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

08.06.2021
0

Түркістан облысында «Жастар – Отанға!» бағдарламасы сапалы әрі уақтылы жүзеге асуы тиіс. Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросы мәжілісінінде Түркістан облысының әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Өңір басшысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдауға басымдық берілгенін атап өтті, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Өздеріңізге белгілі, Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама жастарды елді дамыту жолындағы жұмыстарға біріктіруге және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді. Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленді. Партия мен «Jas Otan» жастар қанаты жастарға берілген сайлауалды уәделерді орындауға кірісті. Атқарылатын әр іс-шараға жауапты мемлекеттік органдар мен жастар өкілдері белгіленіп, есеп беретін басқармалар нақтыланды», – деді әкім.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов хабарлама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда Түркістан облысындағы жастар саны – 505 мың немесе облыс халқының 26,95%-ын құрайды. Өңірде «Jas Otan» жастар қанатының 7 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін 17 филиал жұмыс істейді.«Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша Түркістан облысы жастарына арналған 17 жол картасының (1 облыстық, 3 қалалық, 13 аудандық) жобасы әзірленген.

«Жастар – Отанға!» бағдарламасына 416 индикатор мен 675 іс-шара жоспары енгізілді. Облыс бойынша 28 индикатор мен 38 іс-шара жоспары әзірленді. Жол картасында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, өзін-өзі басқаруды дамыту, жастардың сапалы білім алуына қолдау көрсету, жұмыссыздық деңгейін төментету, «Жасыл ел» жобасы арқылы 6400 жасты жұмысқа тарту, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасын арқылы 1048 жасты жұмысқа орналастыру және өзге де жоспарлар енгізілген», – деді басқарма басшысы.

Жиынды түйіндеген облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев аудандық, қалалық филиал төрағалары мен жауапты басқарма басшыларына жастарға қатысты жол картасын сапалы жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берді. Жастардың саяси өмірге қатысуын жандандыру, волонтерлік қызметті қолдау, жастар мен студенттік ұйымдарды дамыту, жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, жастардың кәсіпкерлікке тарту, жас отбасылардың, жұмыс істейтін жастар мен студенттердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін нақты жағдай жасау, жас буынды мәдениет пен спортқа, игі істерге бағыттау жөнінде де тапсырма беріп, ол міндеттер хаттамаға енгізілді.

Бюро отырысында Түркістан облысы бойынша «Jas Otan» жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді.

«Nur Otan» партиясы жастарға үнемі қолдау көрсетеді. Жетекші партия қолдауымен әр саладағы талантты, қабілетті мамандар үшін саяси баспалдақ қалыптасты. Оған дәлел — жыл басында өткен сайлау кезінде саяси сахнаға көшбасшы әрі дарынды жастардың келуі. Облыстағы барлық партия мүшелері мен жақтастарын, жауапты басшыларды «Жастар – Отанға!» бағдарламасының жол картасын жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырамын», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Previous Post

Путин наградил Аскара Мамина орденом Дружбы

Next Post

Какие дороги Казахстана в первую очередь сделают платными в 2021 году

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.