• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Ақпан 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК: ІІМ КЕМШІЛІКТЕРДІ АНЫҚТАДЫ

02.06.2021
0

ІІМ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беру органдарымен бірлесіп мектептерді толық зерттеп-қарауды жүргізуде. Ішкі істер министрі осы тексерулердің алғашқы нәтижелері туралы Үкімет отырысында айтып берді, — деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуына қарағанда қазірдің өзінде төмендегідей кемшіліктер анықталған:

– 3 384 мектепте (жалпы санының 45,5%-ы) бейнебақылау жүйесі белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді;

– 5 072 мектеп (жалпы санының 68,2%-ы) – жедел дабыл қағу жүйелерімен жарақтандырылмаған (сөйлеу, дыбыс, жарық);

– 6 832 мектеп (жалпы санының 92%-ы) “дабыл түймелерімен” жабдықталмаған;

– 7 095 мектепте (жалпы санының 95%-ы) – бақылау және қол жетімді басқару жүйелері жоқ (БжҚБЖ);

– 7 107 мектепте (жалпы санының 96%-ы) – турникеттер орнатылмаған

– 7 349 мектепте (жалпы санының 99%-ы) – металл іздегіштер жоқ.

Елдегі 7 440 мектептің тек қана 434-і (немесе 6%) күзет ұйымдарымен шарт жасасқан.

ІІМ басшысы өз сөзінде ҚР Үкіметі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айының басында террористік тұрғыдан осал объектілерге терроризмге қарсы қорғаудың жаңа талаптарын бекіткенін атап өтті.

Бұдан басқа, білім беру ұйымдарына алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі әзірленді. Бұл – қару-жарақ, пышақтар, кастеттер, жарылғыш құрылғылардың имитаторлары, аэрозольдық бояулар, пиротехникалық құралдар және газ баллондары.

Мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке күзет ұйымдарына қосымша біліктілік талаптары енгізіледі.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын тиімді қорғау мақсатында ІІМ басшысы Үкіметтің қарауына жеті ұсыныс енгізді, оларды іске асыру балаларды тиімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  1. Жергілікті атқарушы органдар қысқа мерзімде білім беру ұйымдарын тиісті қауіпсіздік жүйелерімен (күзет, ЖБО-ға шығарылған бейнебақылау, дабыл түймелері, турникеттер, Дабыл беру жүйесі, тексеру құралдары) қамтамасыз етсін.
  2. Мектептер мен балабақшалардың қауіпсіздігін лицензияланған жеке күзет ұйымдарының күшімен қамтамасыз ету.
  3. БҒМ, ТЖМ және ІІМ техногендік, табиғи сипаттағы ТЖ және дағдарысты жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны, террорлық шабуылдар, шабуылдар, басып алу және т.б.) туындаған кездегі іс-қимылдарға оқушылар мен персоналды арнайы даярлауды ұйымдастырсын.
  4. Зорлық-зомбылыққа бейім оқушыларды анықтау, оларға психологиялық көмек көрсету бойынша мектеп психологтарының жұмысын жандандыру. Жасөспірімдер ортасында «буллингтің» алдын алу шараларын қарастыру.
  5. Мектеп оқушыларын ұйымдасқан түрде тасымалдауды қамтамасыз ету практикасын кеңейту.
  6. Жазғы демалыс кезінде балалар үшін спорт секциялары мен үйірмелерінің қолжетімділігін ұйымдастыру.
  7. Алматы облысының Шарын шатқалдарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында оқушылардың демалыс орындарына және балаларды сауықтыру лагерьлеріне ұжымдық шығуы кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.