Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ!
    Айғақ TV

    БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ!

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.05.2021Updated:24.05.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Төлеби ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының оқушыларына демеушілер ерекше сыйлық жасады. Төлеби аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен еліміздің білім беру саласындағы бірегей платформалардың бірі «Daryn.Online» мекемедегі барлық тәрбиеленушіге түрлі пәндердің 1 жылдық курсын тегін оқуға сыйға тартты. Курс сабақтарына қатысу арқылы оқушылар мектептегі барлық пәндерді тереңдетіп оқуға, робототехниканы үйренуге және музыкалық аспаптарда ойнауға, ең бастысы ҰБТ-ға дайындалуға мүмкіндік алады.

    Бүгінде Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 5 пен 18 жас аралығындағы 60 бала тәрбиеленеді. Оның ішінде 7 оқушы биылғы мектеп бітіруші. Түлектер енді ешқайда бармай-ақ, қолданыстағы ноутбук құралдарымен онлайн дайындыққа қатыса алады.
    Айта кетейік, 60 балаға арналған 1 жылдық курс сабақтары сатып алынатын болса, құны 5 млн. теңгеден асатын көрінеді. «Мұның барлығы да балалардың болашағы мен сапалы білім алуы үшін жасалып отыр», —  дейді республикалық «Daryn.Online» платформасының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Бәйдібек Қуатбай. Аталған мекеме басшысының айтуынша, онлайн курсқа қатысатын балалар үнемі бақылауда болады. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларға қосымша курстар тағы да тегін сыйға беріледі екен.
    Демеушілер бұған дейін қайырымды істердің ортасынан табылып, дәл осы мекеме оқушыларына спорттық киімдер де тарту еткен болатын.

    aigak.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.