Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АВТОЖОЛДА 3 АҚЫЛЫ УЧАСКЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
    Бас ақпарат

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АВТОЖОЛДА 3 АҚЫЛЫ УЧАСКЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.05.2021Updated:20.05.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Түркістан облысында жалпы ұзындығы 359 шақырым болатын автожолда 3 ақылы учаскені іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

    Атап айтқанда:

    Шымкент-Ташкент – 84 шақырым;

    Шымкент-Қызылорда – 195 шақырым;

    Шымкент-Тараз – 80 шақырым.

    Қазіргі уақытта көлік құралдарының транзитін үздіксіз бақылайтын бағдарламалық-аппараттық кешендер орнатылып, бақылау аркаларын орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Яғни, жүйе ашық болады, шлагбаумдар орнатылмайтындықтан, қозғалысқа шектеу қөойылмайды. Түркістан облысы аумағында барлығы 11 аралық бақылау аркасы орнатылды, оның 3-і Ташкент, 2-і Таразға, 6-ы Қызылорда бағытында.

    Қазір жүйе сынақтан өтіп жатыр. 2021 жылдың маусым айында толық іске қосу жоспарланған.

    Ақылы жолдармен жүріп өту үшін төлемақы мөлшерін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді. Бұл ретте бұрыннан бар ақылы учаскелер (Нұр-сұлтан-Щучинск, Алматы-Қорғас және т.б.) бойынша төлемақы мөлшерлері негізге алынады.

    Төлемнің 20-дан астам тәсілі қарастырылған. Бұл екінші деңгейдегі банктер (Каспи интернет-банкингін, Хоум банкті және т.б.), төлем терминалдары (Qiwi, woopay), сондай-ақ Кселл, Актив, Билайн сияқты ұялы байланыс операторларына СМС жіберу арқылы.

    Сондай-ақ, жеңілдіктер де қарастырылған. Ақылы жолдарға іргелес аудан тұрғындары үшін 1 жыл мерзімге жеңіл көліктері үшін 1000 теңге мөлшерінде абоненттік төлем белгіленген. Бірақ жеңілдік алу үшін көлік құралы міндетті түрде сол ауданда тіркелуі керек.

    Жеңілдік алу үшін:

    1. 1403 қысқа нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласу;
    2. Дербес шотты 1000 теңгеге толықтыру керек.

    Клиенттермен жұмыс жөніндегі орталықтарда тарифтер, жиналған берешектер туралы ақпарат ресми түрде алуға болады.

    Түркістан облысы аумағында клиенттерге қызмет ететін 4 орталық жұмыс істейді:

    1. Иқан кенті жанындағы айналма жолда, мекенжайы: Самара-Шымкент автожолының 2127 шақырымында, оң жағындағы демалыс алаңында (Шымкент бағытында);
    2. Машат кентінде: Алматы-Ташкент автожолының 648 шақырымында, оң жағындағы демалыс алаңында (Тараз бағыты бойынша);
    3. Атамекен кентінде: Шымкент-Ташкент автожолының 792 шақырымында, оң жағындағы демалыс алаңында (Шымкент бағытында)
    4. Шымкент қаласы Қонаев көшесі 21, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 1 қабат.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.