Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАНДА ХАН КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАНДА ХАН КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.05.2021Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде хан көтеру рәсімі өтті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген Абылай ханның қазақ тарихындағы орны мен ұлы тұлғаларымызды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған тарихи-танымды қойылымды Р.Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрының әртістері қойды.

    -«Тарихи қойылым ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында, 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

    «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі аталған театрландырылған қойылым арқылы тарихи шындықты үйлестіруге күш салды.  Музейге келушілердің сұранысы бойынша тарихи оқиғаларға қызығатындығын және тарихи тұлғалардың өмірі жайлы білуге құштар екендігін көрсетті. Халық арасында Абылай ханның тарихи тұлғасы кеңінен насихатталатындығын ескерсек, бұл қойылымның жас ұрпақтың отаншылдық санасының жетілуіне, тұлғалық дамуына тигізер пайдасы мол екендігін бағамдаймыз»,-деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

    Белгілі ғалым А.И.Левшиннің жазбаларынан «1771 жылы Түркістанда Абылайды қазақтың бас ханы етіп көтеру рәсімі өткен. Оған Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз хандары мен сұлтан-билері, ел қорғаған батырлары, «ташкенттіктер мен түркістандықтардың»таңдаулы өкілдері қатысқан. Және бұл салтанат Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде өтеді. Онда Құран оқылып, жиылған дүйім жұрт Абылайды «Ақ киізге» отырғызып, төбелеріне көтеріп, үш жүздің хан  етіп жариялайды»,-деген деректерді кездестіруге болады.

     Тарихи реконструкциялық қойылымдар өткізу, қазіргі таңда әлемнің бірқатар елдеріндегі қорық-музейлердің дәстүрлі шарасы ретінде мойындалады. Атап айтқанда, Ресейде «Бородино» мемлекеттік әскери-тарихи қорық-музейі Малоярославецкий әскери-тарихи музейімен бірлесіп 1812 жылғы тарихи оқиғаларды, Бородино даласын реконструкцияланған көрініс арқылы көрсетіп келеді. «Куликово даласы» мемлекеттік әскери-тарихи және табиғи қорық-музейі «1380 жылғы Мамай әскері мен князь Дмитрий Донский әскерінің кездесуі» туралы оқиғаны жыл сайын жаз мезгілінде суреттейді.


    Украинада «Полтава соғыс даласы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы дәстүрлі түрде 1709 жылғы Полтава даласының тарихи кезеңін көрсетсе, Чехия мемлекетінде «Курган мира» қорымен бірлесіп, Славкове (Аустерлиц) қаласының тарихи музейі жыл сайын «Аустерлиц даласы» (1805г.) деген тақырыпта реконструкциялық көрме ұйымдастырады. Бұндай жобадағы көрмелер АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада, Италия, Франция сынды бірқатар елдердің қорық-музейлерін немесе музейлерінде дәстүрлі шара ретінде орын алған.

    Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Күлтөбе сырлары» және «Ясауи ізбасарларының шығармалары» атты қос бірдей көрме ашып,  қазақ халқының бейбіт өмірі үшін аянбай күрескен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген батыр  Кәрсон Таңыбай  батыр Бекназарұлына және күй өнерінің даңқын асқақтатқан бірегей өнер иесі, ұлы күйші Сүгір Әлиұлына арналған кітаптардың тұсауын кесті.

    Сондай-ақ, айтулы мерекелік  күн аясында т.ғ.к. ясауитанушы Зікірия Жандарбектің «Қазақ хандығы кезеңіндегі Ясауи жолының ахуалы», т.ғ.д., профессор Хазіретәлі Тұрсынның «Түркістан легионының аңызы мен ақиқаты» атты бейнесұқбаты ұйымдастырылып, қорық-музейдің экскурсоводтары тарихи-танымдық онлайн экскурсиялар жүргізді.

    Бұдан өзге, музей қызметкерлері арасында гір тасын көтеру, оқушылар арасында асық ату сайысы  және онлайн викториналық сұрақтар жарысы ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама «Музей түні» атты экскурсиялық шараға ұласып, келушілер тарихи тұлғалар кейпіндегі әртістермен суретке түсті. Айта кетсек, мерекелік шара Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалар мен өмірден өткен музей қызметкерлеріне арнап құран бағыштап,  құрбандық шалудан басталды.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.