Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Қазақстанның Бас прокуратурасы мектептерде хиджаб киюге тыйым салуды заңды деп тапты
    Білім

    Қазақстанның Бас прокуратурасы мектептерде хиджаб киюге тыйым салуды заңды деп тапты

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.10.2016237 Views

    Бұл туралы Today.kz сауалына жауап берген қадағалау органы хабарлады.

    «Оқу ордалары әкімшілігінің бекітілген форма кию туралы талабы, сонымен қатар ішкі тәртіп, немесе жарғы, немесе келісімшарт талаптары заңды », — делінген хатта.

    Бас прокуратурада атап өткендей, Конституцияның 22 бабына сәйкес. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар, алайда бұл құқықты жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

    «Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ («Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабы 7-бөлімінде).

    Жоғарыда аталған конституциялық және заңнамалық нормаларды есепке ала отырып, киім формасына қатысты оқушылардың заңда қарастырылған міндеттерді орындауы туралы талабы ар-ождан бостандығының, яғни белгілі бір діни сенімдерді ұстану құқығының бұзылуы ретінде қарастырылмайды», — деп түсіндірді қадағалау органы.

    Еске сала кетсек, Білім және ғылым министірлігі, Әділет министрлігі және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мектептерде хиджаб киюге жол берілмейтіндігін мәлім еткен болатын.

    «Оқушы мектепке кірді ме, діни атрибутикасын шешуі тиіс. Мектептен шығысымен қайта кисе де болады. Мұнда ешкімге де моральдық зардап тигізбейміз деп ойлаймын» — деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.
    Өз кезегінде ҚР Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина бұл тыйым бұрыннан барын еске салды.

    «Қоса кеткім келеді, бұл жаңа тыйым емес. Бұл талап бұрыннан бар. Бұл талап білместіктен орындалмай келді. Мектеп формасының енгізілуімен бұл сұрақ өзекті болып кеткені рас. Аталған талап бізде бұрыннан келе жатыр», — деді ол.

    Дереккөз 7kun.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.