Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТТІ
    Айғақ TV

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.04.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі Сарыағаш қаласындағы  «Ustudy» орталығы базасында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Республикалық кезеңге Түркістан облысынан жалпы 83 оқушы, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағытынан 36 оқушы және жаратылыстану-математикалық бағытынан 47 оқушы қатысты.

    26 сәуір күні олимпиаданың бірінші туры, 27 сәуір күні екінші туры өтті. Олимпиада алғаш рет жаңа форматта «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін және қатысушыларды отырғызу кезінде пәндер мен сыныптарды «араластыру» әдісін қолдану арқылы өткізілді.

     Барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін  олимпиаданың өту барысы онлайн режимде көрсетіліп, «Дарын» РҒПО аккаунтында және әлеуметтік желілерінде бейнетрансляцияға сілтеме ұсынылды. Сонымен қатар , олимпиаданың өту барысын «Сарыағаш Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің  мүшесі бақылады.
    Олимпиада барысында академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерге «Дарын» РҒПО-ның жауапты мамандары жіберілді.
    Қатысушылардың әрқайсысы тапсырманы «Дарын» РҒПО-ның интернет ресурсынан жеке код арқылы алып, әр кезең аяқталған сайын оқушылардың жұмыстары сканерленіп, орталыққа жіберіліп отырды.
    Әрбір кезеңнің соныңда қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» РҒПО-ның интернет ресурсында олардың жеке деректерінсіз жарияланып отырды. Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және олимпиаданың нәтижелері көрсетілген хаттамалар да «Дарын» РҒПО-ның сайтында жарияланатын болады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.