Барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін олимпиаданың өту барысы онлайн режимде көрсетіліп, «Дарын» РҒПО аккаунтында және әлеуметтік желілерінде бейнетрансляцияға сілтеме ұсынылды. Сонымен қатар , олимпиаданың өту барысын «Сарыағаш Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің мүшесі бақылады.
Олимпиада барысында академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін барлық өңірлерге «Дарын» РҒПО-ның жауапты мамандары жіберілді.
Қатысушылардың әрқайсысы тапсырманы «Дарын» РҒПО-ның интернет ресурсынан жеке код арқылы алып, әр кезең аяқталған сайын оқушылардың жұмыстары сканерленіп, орталыққа жіберіліп отырды.
Әрбір кезеңнің соныңда қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» РҒПО-ның интернет ресурсында олардың жеке деректерінсіз жарияланып отырды. Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және олимпиаданың нәтижелері көрсетілген хаттамалар да «Дарын» РҒПО-ның сайтында жарияланатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі