• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚАРИЯЛАР ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАНДЫ ТАМАШАЛАЙДЫ

19.04.2021
0

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ардақты ақсақалдарымен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды. Жиналғандар тосырқаған жоқ, жоспарларымен бөліскендер де болды. Түркістанда бұрын болғанмен, тап қазіргі көркейген келбетін көрмеген ақсақалдар аз уақыт ішінде шаһардың жаңа кейіпке еніп, адам танымастай өзгеріп кеткендігіне өздерінің таңқалыстарын білдірді. Күллі түркі әлемінің рухани астанасындағы жаңалықтардан хабардар болған қариялардың құлшынысын қолдаған облыс басшысы аудан ақсақалдарын көне Түркістанның жаңа кейпін көзбен көріп қайтуды ұсынды. «Пандемияның кері әсерінен кездесулер сап тыйылды. Расында, халықпен тиімді кері байланыс орнату – қашанда алғы мақсаттардың бірі. Ауданның тыныс — тіршілігімен өздеріңіздей етене таныс ешкім жоқ. Сондықтан мен өздеріңізбен кездесуді асыға күтемін. Орнымен қартаю да жақсы қасиет. Қарттықтың бақытты, шуақты, айтулы асыл қасиеттері көп. Оны өздеріңізден көріп отырмын. Түркістан тіршілігін келіп, көзбен көріп қайтуларыңыз қажет»,-деді облыс әкімі.

Облыс әкімі жауапты басшыларға барлық аудан, қалалардағы ниет еткен  қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалатуды тапсырды. Жаңарған Түркістанға қонақ болып келетін ардагерлер — аймақтың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан білім, мәдениет, ғылым, өндіріс және басқа да түрлі салаларда жетекшілік еткен білікті ақсақалдар. Оларды карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, Түркістанға алып келіп, қаланы аралатуға аудан, қала басшылары жауапты. Өрелі ой мен салмақты пікір айтылған кездесуде облыс басшысы мұндай отырыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Кездесу барысында облыс басшысы аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, үлкенді сыйлау, ардагерлерге қамқорлық көрсету кейінгі ұрпақтың міндеті және парызы екенін атап өтті. Ауданның әлеуметтік мәселелері талқыланып, оның шешу жолдары бойынша аймақ басшысы өмірден түйгені мол ел ағаларының пікірін тыңдады. Зиялы қауым өкілдері мен қазыналы қариялар әкімнің облысты басқарудағы жұмысына сәттілік тіледі.   Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН СПОРТШЫ

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН СПОРТШЫ

Айғақ медиа
21.09.2026
0

Әзербайжанда өткен жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында шымкенттік балуан чемпион атанды. Үшінші мегаполистің халықаралық әуежайында жеңімпазды жақындары зор қошеметпен...

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК – ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК – ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Қала әкімі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен жүздесті. Көшпелі кездесуде халық өздерін алаңдатқан мәселелерді тікелей әкімге жеткізді. Атап айтқанда, баспана, жер және...

ӘР 39 СЕКУНДТА 1 КИБЕРҚЫЛМЫС

ӘР 39 СЕКУНДТА 1 КИБЕРҚЫЛМЫС

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Ресми деректерге сүйенсек әлемде 39 секунд ішінде 1 адам интернет алаяқтықтың құрбаны болады. Олардың басым бөлігі кәмелеттік жасқа енді толған...

Ы. АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ ТАМЫЗ АЙЫНДА ТОЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Ы. АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ ТАМЫЗ АЙЫНДА ТОЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте құрылысы созбаланға салынған Алтынсарин көшесі техникалық режимде көлік қозғалысына ашылды. Бұл қаладағы ірі жол инфрақұрылымы жобаларының бірі. Жалпы, шаһарда...

55 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛДАН БОСАТЫЛДЫ

55 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛДАН БОСАТЫЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте әкімшілік рақымшылық аясында мыңдаған азаматтың айыппұл берешегі есептен шығарылды. Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты күшіне енген заң негізінде 55 мыңнан...

САРБАЗДАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

САРБАЗДАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкент гарнизонының 35748 әскери бөлімінің сарбаздары «Сарбаз Олимпиадасында» күміс жүлдеге ие болды. Әскерилер арасында алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 14 командадан...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.