• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН: ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ҒАЛАМТОРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТУ ҮШІН АРНАЙЫ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

21.03.2021
0

Түркістан облысындағы 264 ауылдың 74-і жоғары жылдамдықты ғаламтор желісіне қосылмаған. Осы мәселені түбегейлі шешу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 3 кезеңнен тұратын жоба қолға алынып отыр. Бұл туралы бүгін брифингте облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, өңірімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 8 негізгі бағыттан тұратын бірқатар жобалар жүзеге асуда.

«Түркістан қаласында «SMART CITY» бастамаларын іске асыру бойынша «Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, қаланы басқару, қауіпсіздік, көлік, ТКШ және құрылыс салаларын цифрландыру жұмыстарын жолға қойып отыр. Бұл жұмыстар 2019 жылдың екінші жартыжылдығынан басталған болатын. Осындай қысқа уақыт ішінде айтарлықтай жетістіктер мен нәтижелер бар. Негізгі 48 бастаманың 25-і іске асырылды, 19-ы жұмыс барысында, 4-і жоспарда», – деді Е.Өтебаев.

Сондай-ақ, басқарма басшысы жоспардағы жобаның жартысы ғана орындалғанның өзінде жүйе өзінің тиімділігін көрсете бастағанын айтты. Мәселен цифрландырудың нәтижесінде мемлекеттік мекемелерге қаралған қаражаттың 244,5 млн.теңгесі кезең-кезеңімен облыстық бюджетке қайтарылған.

Бұдан басқа, телефон аппараттарының абоненттік төлемдері 1064 теңгеден 350 теңгеге дейін, халықаралық телефон сөйлесулеріне кететін шығындар минутына 39 теңгеден 7 теңгеге дейін төмендетілген. Аудандар, қалалар, облыс әкімдігі мен басқармалар арасында лимитсіз тегін сөйлесулер қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, аудандық және қалалық әкімдіктерге 1 400 заманауи IP-телефондары үнемделген қаржы есебінен орнатылды.

Айта кетейік, түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық шеңберінде делегаттар мен туристердің жүру жолында әуежайдан бастап арнайы брендтелген SIM-карталар берілмек. «Amazing Turkistan» мобильді қосымшасы, объектілерге кедергісіз жүріп-тұруға арналған бірегей бейдж іске қосылады. Сондай-ақ, туристік бағыты бойынша Free WiFi жұмыс істемек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖАҢА КЕЛБЕТ

40 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖАҢА КЕЛБЕТ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте 1985 жылы пайдалануға берілген мектеп толық жаңартылып жатыр. 40-жылда мыңдаған түлектің түлеп ұшуына жол ашқан алтын ұя кеңестік педагог...

ЖАҢАРҒАН МЕКТЕП — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢАРҒАН МЕКТЕП — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
22.09.2026
0

2009 жылы пайдалануға берілген Мұхтар Әуезов атындағы №96 мектеп қайта жаңарып жатыр. Материалдық-техникалық базасы мен инженерлік жүйелері едәуір тозған алтын...

МИЛЛИАРДТАР БӨЛІНГЕН БІЛІМ НЫСАНЫ

МИЛЛИАРДТАР БӨЛІНГЕН БІЛІМ НЫСАНЫ

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкент қаласындағы №16 мектепте ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылы пайдалануға берілген ғимарат әуелде 300 оқушыға лайықтап салынған. Алайда жыл...

БАЛАБАҚШАҒА ЖАҢА ТЫНЫС

БАЛАБАҚШАҒА ЖАҢА ТЫНЫС

Айғақ медиа
22.09.2026
0

Шымкентте білім беру нысандарын жаңарту жұмыстары қарқын алды.Нысанды күрделі жөндеуге 117 миллион теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаһар бойынша 7 білім...

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН СПОРТШЫ

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН СПОРТШЫ

Айғақ медиа
21.09.2026
0

Әзербайжанда өткен жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында шымкенттік балуан чемпион атанды. Үшінші мегаполистің халықаралық әуежайында жеңімпазды жақындары зор қошеметпен...

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК – ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА

ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК – ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Қала әкімі Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен жүздесті. Көшпелі кездесуде халық өздерін алаңдатқан мәселелерді тікелей әкімге жеткізді. Атап айтқанда, баспана, жер және...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.