Ақылы автожолдың негізгі мақсаты — жол қауіпсіздігі мен жол инфрақұрылымының дамуына ықпал ету, жолдың барлық қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, сапасын жақсарта түсу.⠀
Сонымен қатар, арнайы байланыс орталығы құрылады. Жүргізушілер тәулік бойы 1403 call-орталығына тегін қоңырау шалып, ақылы автожолдарға қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақылы учаскелерде тәулік бойы патрульдеу жүргізіледі: жол қызметтері жолдың жай-күйін тексереді, жол жиегін тазалауды жүзеге асырады және төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетеді.
