Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістанда автожолды төлем жүйесін енгізу бойынша тыңдау өтті
    Айғақ TV

    Түркістанда автожолды төлем жүйесін енгізу бойынша тыңдау өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.02.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

        Түркістан қаласы әкімдігі ғимаратында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан қаласында «Шымкент-Тараз», «Шымкент-Түркістан-Қызылорда» автомобиль жолы учаскесінде қауіпсіз жүйені енгізу бойынша қоғамдық тыңдауы өтті. «Ақылы автожол» жүйесін жүзеге асыру бойынша жиынға «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» басшысы Оразбеков Байдулла қатысты. Шара карантин талаптарына байланысты онлайн ұйымдастырылды.      Ақылы автожолдың негізгі мақсаты — жол қауіпсіздігі мен жол инфрақұрылымының дамуына ықпал ету, жолдың барлық қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, сапасын жақсарта түсу.⠀

    Жалпы, аталған жүйе алғаш елімізде «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автожолында енгізілген болатын. Нәтижесінде, 7 жылдан астам уақыт ішінде бірінші санаттағы магистраль жиналған қаржы есебінен күтіліп, жолдың бойында қызмет көрсетудің сапасы жыл сайын жақсарып келе жатыр.

    Барлық төлем жүйесі енгізілген автожол учаскелерінде міндетті түрде жарықтандыру, үй жануарларының жолға шығып кетпеуі үшін қоршаулар, түнгі уақытта жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы белгілер мен катафоттар орнатылады. Ал мониторинг жүргізудің заманауи смарт-жүйесі жолдағы көліктердің легі мен көліктердің жылдамдығын бақылайды. Сонымен қатар, арнайы байланыс орталығы құрылады. Жүргізушілер тәулік бойы 1403 call-орталығына тегін қоңырау шалып, ақылы автожолдарға қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақылы учаскелерде тәулік бойы патрульдеу жүргізіледі: жол қызметтері жолдың жай-күйін тексереді, жол жиегін тазалауды жүзеге асырады және төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсетеді.

    ⠀Ал автожолдың ақысы көлік санаттарына қарай белгіленбек. Үлкен көліктер 4 санат бойынша 15 теңгеден 25 теңгеге дейін болса, жеңіл көліктер жылына 1000 теңге көлемінде төлем жасайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.