Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»САУ ҰРПАҚ— ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
    Айғақ MEDIA

    САУ ҰРПАҚ— ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.11.20261 Views

    Ұлт саулығы — мемлекет болашағының басты кепілі. Бүгін ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Кішкентай балалар, үлкен әлеует: алғашқы демнен салауатты болашаққа» атты халықаралық конференция өтті. Алқалы жиынға отандық және шетелдік жетекші дәрігерлер мен ғалымдар қатысып, ана мен бала денсаулығын қорғаудың тың тетіктерін талқылады. Шаһарда ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілуде. Бүгінде мегаполисте төрт перзентхана жұмыс істейді. Оның үшеуі үшінші, біреуі екінші деңгейлі медициналық қызмет көрсетеді. Мамандардың біліктілігін арттыру нәтижесінде салмағы 1000 грамға дейінгі шала туған нәрестелердің өміршеңдігі 25 пайыздан 60 пайызға дейін өскен. Қазір шаһарда 200 орындық жаңа перинаталдық орталықтың құрылысы жүріп жатыр. Заманауи құрылғылармен жабдықталатын бұл нысан емдеу сапасын жаңа деңгейге көтермек дейді.

    Саланы дамытуда халықаралық тәжірибе алмасу да маңызды. Осы орайда үшінші мегаполисте өткен алқалы жиында сәбилердің ерте жастағы дамуы мен денсаулығын сақтау мәселелері талқыланды. Ресей мен өзге де шет мемлекеттерден келген сарапшылар баланың алғашқы мың күні оның болашағы үшін аса маңызды екенін алға тартты. Конференцияда қауіп тобындағы бүлдіршіндерді бақылау, дәрігерлер арасындағы сабақтастық және бірыңғай электрондық паспорт жүйесінің тиімділігі сөз болды. Бұл бастамалар әр баланың жағдайын үздіксіз қадағалауға жол ашады. Кішкентай бүлдіршіндердің бойындағы үлкен әлеуетті ашу — ең алдымен мықты денсаулықтан басталады. Сондықтан форум барысында шала туған нәрестелерді күту, ерте диагностика жасау және заманауи оңалту әдістері кеңінен талқыланды. Шетелдік жетекші мамандар озық тәжірибелерімен бөліссе, отандық дәрігерлер өңірлік медицинаның тың жетістіктерін ортаға салды. Ғылым мен тәжірибе тоғысқан алқалы жиын — дәрігерлер біліктілігін шыңдап қана қоймай, мыңдаған сәбидің өміріне араша болатын тың шешімдерге жол ашты. Өйткені бүгінгі сәбидің саулығы — ертеңгі қуатты мемлекеттің берік іргетасы.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЗАҚ-КОРЕЙ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСТЫ

    27.11.2026

    ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАН БҮЛДІРШІНДЕР

    27.11.2026

    ЕУРОПАҒА АШЫЛҒАН ОҢТҮСТІК ҚАҚПАСЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.