Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚАЗАҚ-КОРЕЙ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСТЫ
    Айғақ MEDIA

    ҚАЗАҚ-КОРЕЙ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.11.20261 Views

    Сүт өндірісін еселеп, мал тұқымын асылдандырудың жаңа тәсілдері! Бүгін Шымкентте өткен қазақ-корей халықаралық конференциясында дәл осы мәселе талқыланды. Енді отандық шаруашылықтар Оңтүстік Кореяның озық агротехнологиялары мен эмбрион көшіру әдісін тәжірибеге енгізбек. Мал шаруашылығын дамытуда ғылыми ізденіс пен халықаралық тәжірибе алмасудың маңызы зор. Осы мақсатта ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар мен сала мамандары жиналған. Басқосуда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикалық тұрақтылықты нығайту және экологиялық таза өнім өндіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қытай мен Кореяның озық тәжірибесін отандық шаруашылықтарға бейімдеу, мал тұқымын асылдандыру, қолдан ұрықтандыру мен эмбрион көшіру технологияларын енгізу бағыттары талқылады дейді ауыл шаруашылығы ғылымдарының доторы Мұқтар Әшірбек.

    Қазақстанның сүтті мал шаруашылығын дамытуға Оңтүстік Корея мамандары да үлес қоспақ. Олар өз елінде әзірленген озық агротехнологияларды елімізде енгізіп, сүт өндірісінің көлемі мен сапасын арттыруды көздейді. Жиын барысында шетелдік сарапшылар осы бағыттағы тың жобаларын арнайы презентация арқылы таныстырып, қолдану тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Әсіресе, асыл тұқымды мал басын көбейтуге, эмбрион көшіру технологиясын дамытуға және ветеринариялық препараттарды қолдануға басымдық берілмек. Бұл бағытта қазақстандық мамандармен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жиын соңында тараптар алдағы серіктестіктің нақты қадамдарын айқындап, бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты. Мамандардың айтуынша, мұндай жаңашыл бастамалар отандық агросектордың әлеуетін арттырып, нарықты сапалы отандық өніммен толық қамтуға жол ашпақ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    САУ ҰРПАҚ— ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

    27.11.2026

    ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАН БҮЛДІРШІНДЕР

    27.11.2026

    ЕУРОПАҒА АШЫЛҒАН ОҢТҮСТІК ҚАҚПАСЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.