Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»QUQYQ TIMES: ҚАӘІПСІЗ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ
    Айғақ MEDIA

    QUQYQ TIMES: ҚАӘІПСІЗ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.11.20260 Views

    Алаяқтардың арбауына түспеу үшін не білу керек? Интернеттегі күмәнді ұсыныстар мен оңай табысқа сенудің соңы неге әкелуі мүмкін? Осы және өзге де өзекті мәселелер Шымкентте өткен Құқық таймс мега жобасында талқыланды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған жобаның тұсауы Шымкент қаласында кесілді. Бастамаға Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен М.Әуезов атындағы оқу ордасы мұрындық болды.

    Жобаға Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының 2 мыңға жуық студенті қатысты. Іс-шарада Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, жастарға қаржылық қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар профилактикалық жұмыстарға үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Ал М.Әуезов атындағы университетіне «Үздік оқу орны» номинациясы табысталды.


    Бүгінде интернет-алаяқтық пен лудомания қоғам үшін күрделі мәселеге айналып отыр. Әсіресе, оңай табысқа қызығатын жастардың қаржылық алаяқтардың тұзағына түсу қаупі жоғары. Сондықтан жобаның басты мақсаты – осындай қауіптердің алдын алып, өскелең ұрпақтың құқықтық сауатын арттыру.
    Ұйымдастырушылар маңызды ақпаратты жастарға дәстүрлі дәріс түрінде емес, заманауи әрі қызықты форматта жеткізуді көздеген. Шара барысында арнайы шақырылған қонақтар өзекті тақырыптарды ортаға салып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Құқықтық мәселелер талқыланып қана қоймай, түрлі ойындар мен әзілге құрылған интерактивті бөлімдер де ұйымдастырылды. Осылайша, күрделі тақырыптар жастарға жеңіл әрі түсінікті форматта ұсынылды. Құқықтық сауаттылық – қателіктен қорғайтын басты құрал. «ҚҰҚЫҚ TIMES» жобасы жастарға пайдалы ақпарат беріп қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға үндеді. Мұндай бастамалар қоғамда құқықтық мәдениеті жоғары, қаржылық қауіпсіздікті бағалайтын саналы ұрпақ қалыптастыруды көздейді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МАЖАР ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ

    26.11.2026

    ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА НЕГІЗ ҚАЛАНДЫ

    26.11.2026

    ӨНДІРІС ОРНЫНДАҒЫ АУА САПАСЫ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.