Бүгінде Еңбекші ауданындағы барлық учаскелерде тұрғындардың дауыс беруіне қолайлы жағдай қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, сайлау орындарының дайындығы жан-жақты қаралды. Комиссия әрбір учаскедегі қолжетімділік талаптарының сақталуына ерекше назар аударуда.
Аудандағы сайлау учаскелерінің бірі – №150 жайлы мектепте орналасқан. Мұнда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шақыру батырмасы, бағыттаушы сары жолақтар және арнайы дауыс беру құрылғысы орнатылған. Сонымен қатар, көзі нашар көретін азаматтарға арналған Брайль қарпімен жазылған арнайы ақпараттық парақтар әзірленген. Бұл мүмкіндіктер әрбір азаматтың дауыс беру құқығын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Сайлау учаскелері инклюзивті орта талаптарына сай жабдықталған.
Бүгінде Еңбекші ауданында 113 мың адам саулау учаскесіне келіп дауыс бере алады. Сайлау науқанының ашық әрі заң талаптарына сай өтуіне барлық жағдай жасалған. Азаматтар өздеріне тиесілі сайлау учаскелерінде дауыс бере алады. Ел аумағында ресми тіркелген жеті саяси партия жұмыс істейді. Сайлау күні тұрғындардың белсенділігі елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды көрсеткіштердің бірі болмақ.
