Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»БАЛАЛАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН АС МӘЗІРІ ӨЗГЕРДІ
    Айғақ TV

    БАЛАЛАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН АС МӘЗІРІ ӨЗГЕРДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.09.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жаңа оқу жылы басталды. Шымкенттегі білім беру ұйымдарының оқу жылына дайындығы жіті бақылаудан өтіп, биыл қаладағы 285 мектептің санитариялық жағдайы, асханалары мен медициналық пункттері тексерілді. Басты назар оқушылардың қауіпсіздігі, денсаулығы және сапалы тамақтануын қамтамасыз ету. Бұл туралы баспасөз брифингінде қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары баяндады.

    Шымкентте жаңа оқу жылына дайындық аясында қаладағы барлық мектеп мониторингпен қамтылды. Оның ішінде мектеп асханалары, медициналық пункттер мен интернаттардың санитариялық жағдайы тексерілді. Мамандар ғимараттар мен инженерлік коммуникациялардың қауіпсіздігін, сумен жабдықтау, жылыту және желдету жүйелерінің жарамдылығына да назар аударды. Бүгінде қалада 285 мектеп бар, оның 151-і мемлекеттік, 134-і жекеменшік білім беру ұйымы.

    Жаңа оқу жылында мектептердегі оқушылардың тамақтануына да ерекше көңіл бөлінді. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары баянадады. Биыл балалардың жас ерекшелігі мен ағзасына қажетті қоректік заттар ескерілген жаңа перспективалық мәзір бекітілді. Ас мәзірі құнарлы әрі әртүрлі болуы көзделіп, ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералдардың теңгерімділігі сақталады. Сондай-ақ тағам құрамындағы тұз бен қант мөлшері шектеліп, ас дайындауда тек йодталған тұз қолданылылуы керек екені айтылды.

    Мектептерде балалардың денсаулығын бақылау мақсатында күн сайын таңертеңгілік сүзгі жүргізіледі. Оқушылардың дене қызуы өлшеніп, жөтел, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы сияқты ауру белгілерінің бар-жоғы тексеріледі. Күдікті белгілері байқалған балалар уақытылы анықталып, әрі қарай медициналық көмекке жіберіледі. Мамандар ата-аналарға баланың дене қызуы көтеріліп немесе сырқаттану белгілері байқалса, оны мектепке жібермей, дәрігерге қаралуға кеңес береді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.