Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ
    Айғақ TV

    ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.09.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы өңделіп, электр энергиясына айналмақ. Жаңа кешен тәулігіне 1000 тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықты кәдеге жаратып, 24 мегаватт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

    Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл кешеннің Шымкент үшін стратегиялық маңызы жоғары екенін айтады. Оның айтуынша, жоба қалдықтарды тиімді өңдеумен қатар, электр энергиясын өндіруге және экологиялық инфрақұрылымды дамытуға серпін береді. Шымкентте электр энергиясын өндіретін қалдықтарды термиялық кәдеге жарату кешенінің құрылысы басталды. Капсула салу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен қытайлық инвестор – «Шэньси Констракшн Инжиниринг Қазақстан Ко., Лимитед» компаниясының өкілдері қатысты. Бұл жоба Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қолға алынған. Кешен заманауи технологиялардың көмегімен тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан электр энергиясын өндіреді.

    Жобаның өндірістік қуаты тәулігіне шамамен 1000 тонна қатты тұрмыстық қалдықты өңдеуге есептелген. Соның нәтижесінде тәулігіне 24 мегаваттқа дейін электр энергиясы өндіріледі. Инвестиция көлемі 54 миллиард теңгені құрайтын кешен 2026–2028 жылдары кезең-кезеңімен салынады. Жоба аясында кемінде 80 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, термиялық өңдеуден кейін қалған күлді құрылыс материалдарын өндіруге пайдалану көзделген. Бұл инвестициялық жобаның жүзеге асуына қала әкімінің 2024 жылы Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары негіз болды. Сол кезде әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, кейін ынтымақтастық туралы меморандум мен инвестициялық келісімге қол қойылған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.