Шетелге арзан бағамен саяхаттаймыз деген үміт ақыры, алдауға ұласты. Сегіз зейнеткер төрт миллион теңгеге жуық қаржысынан айырылған. Тергеу барысында алаяқтықтың барлық мән-жайы анықталып, қажетті дәлелдер жиналды. Соның нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданды. Тұрғындардың айтуынша, полиция қызметкерлері олардың мәселесіне жауапкершілікпен қарап, істің әділ шешілуіне ықпал еткен. Шымкент қаласының полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына келген сегіз зейнеткер істі тергеген қызметкерлерге алғыс білдірді. Ал тәртіп сақшылары азаматтарды күмәнді ұсыныстарға сенбей, ақша аудармас бұрын компания туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырады.