Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ
    Айғақ TV

    ШЕБЕР ҚОЛДЫҢ ӨРНЕГІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.08.2026Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақтың қолөнері – ғасырлардан жеткен асыл мұра. Бүгінде сол мұраны дәріптеп қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрген шеберлер аз емес. Шымкент Креатив хаб орталығында өткен шеберлік сабағы соның бір дәлелі. Іс-шара барысында сырмақ жасау өнері таныстырылып, қатысушылар ұлттық қолөнердің қыр-сырымен жақынырақ танысты.

    Шеберлік сағатында қатысушылар сырмақтың жасалу жолын тәжірибе жүзінде көріп, ұлттық ою-өрнектің мән-мағынасына қанықты. Қолөнер шебері Гүлнәр Жолдасбекованың айтуынша, бұл өнер оған анасынан дарыған. Бүгінде ол осы киелі кәсіпті жалғастырып, 32 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келеді.

    Сырмақ – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан асыл мұра. Табиғи жүннен дайындалатын бұйымның тұрмысқа қолайлылығы ғана емес, денсаулыққа да пайдасы зор. Осындай шеберлік сабақтары арқылы жас буын ата кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруда.

    Қолөнер – уақытпен бірге жаңғырып, ұлттың рухани болмысын сақтап келе жатқан құндылық. Сондықтан сырмақ секілді төл өнердің өмірі көрме алаңымен шектелмей, әр шаңырақтың төрінен орын табуы маңызды. Осындай игі бастамалар ұлттық мұраны насихаттап қана қоймай, оны болашақ ұрпаққа аманаттауға мүмкіндік береді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.