Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК
    Айғақ TV

    ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ТЕГІН КӨМЕК

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.08.2026Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жүктілік – әйел өміріндегі ең жауапты кезең. Бірақ осы уақытта мемлекет қандай медициналық көмекті тегін ұсынады? Ал МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған аналар қайтпек? Мамандардың айтуынша, ең маңыздысы – жүктіліктің алғашқы апталарында-ақ есепке тұру. Себебі дәл осы кезеңде ана мен баланың денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алуға мүмкіндік мол. Бұл жайында қаладағы №4 перинаталды орталықтың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы айтып берді.

    Жүкті әйел есепке тұрған сәттен бастап дәрігердің тұрақты бақылауына алынады. Қажетті зертханалық талдаулар, ультрадыбыстық зерттеулер, перинаталдық скринингтер мен мамандардың кеңесі кезең-кезеңімен жүргізіледі. Ал егер жүктілік жоғары қауіп тобында болса немесе асқыну белгілері анықталса, болашақ ана перинаталдық орталыққа жолданады.

    Көпшілікті мазалайтын тағы бір мәселе – босану қызметі ақылы ма, әлде тегін бе? Мамандардың сөзінше, медициналық көрсетілімге сәйкес табиғи босану да, кесарь тілігі де мемлекет есебінен көрсетіледі. Ең бастысы – емдеуші дәрігердің бақылауында болып, белгіленген тексерулерден уақытылы өту.

    Дегенмен дәрігерлердің айтуынша, кейбір жүкті әйелдер өз құқықтары мен МӘМС аясындағы мүмкіндіктерді толық біле бермейді. Биыл ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған бірқатар қызметтердің қолжетімділігі де кеңейтілді. Сондықтан мамандар әрбір болашақ анаға емханаға уақытылы тіркеліп, дәрігер ұсынған тексерулерді кешіктірмей өтуді ұсынады. Бұл – ана мен нәрестенің амандығына бастайтын ең сенімді қадам.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.