Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған теңге бөлінген бюджет те осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға жұмсалуда. Жер мәселесі тұрғындар үшін әлі де өзекті. Басқармаға мыңдаған арыз-шағым түсіп, әкімдік тарапынан мыңдаған қаулы қабылданған. Әр құжаттың артында азаматтардың өтініші мен қаланың даму жоспары жатыр.
Жерді сату мен жалға беруден бюджетке қомақты қаржы түсті. Алайда бақылау барысында заңсыз құрылыстар мен жер заңнамасын бұзу деректері де анықталып, заң талаптарын сақтамағандарға қатысты тиісті шаралар қабылдануда.
Әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мақсатында салынып жатқан жаңа жолдар мен нысандардың құрылысы үшін мемлекет мұқтажына жер телімдері алынуда. Бұл ретте меншік иелеріне өтемақы төлеу немесе тең бағалы жер ұсыну жұмыстары заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді.
Жер – қаланың ең маңызды стратегиялық ресурстарының бірі. Оны тиімді пайдалану, заңсыз иеленудің алдын алу және мемлекет пен тұрғындардың мүддесін тең ұстау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.