Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл кешеннің Шымкент үшін стратегиялық маңызы жоғары екенін айтады. Оның айтуынша, жоба қалдықтарды тиімді өңдеумен қатар, электр энергиясын өндіруге және экологиялық инфрақұрылымды дамытуға серпін береді.
Бұл инвестициялық жобаның жүзеге асуына қала әкімінің 2024 жылы Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары негіз болды. Сол кезде әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп, кейін ынтымақтастық туралы меморандум мен инвестициялық келісімге қол қойылған.
