Жоба шеңберінде Қошқар ата өзенінің 3,5 шақырымдық арнасы толық қалпына келтірілген. Арна қоқыстан тазартылып, судың табиғи ағысы тұрақты түрде реттеліп келеді. Сонымен бірге өзен жағалауын нығайту жұмыстары қатар атқарылуда. Бұл өзеннің экологиялық жағдайын жақсартуға және су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Өзен бойында тұрғындарға арналған заманауи инфрақұрылым жағдайы жүйелі жасалған. Бүгінде жаяу жүргіншілер жолдары салынып, 139 орындық пен энергия үнемдейтін 360 шам орнату жоспарланған. Бұл аумақты қала халқының қауіпсіз әрі жайлы демалыс аймағына айналдыру көзделіп отыр. Қала басшысы жастарды жаңарған өзен маңын күтіп ұстауға, тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырды.
Абаттандыру жұмыстарының нәтижесінде өзен маңы қауіпсіз әрі қолайлы демалыс аймағына айналмақ. Жоба жауын-шашын мезгілінде су басу қаупін айтарлықтай азайтады. Сонымен қатар рекреациялық аймақтың кеңеюі қала тұрғындары үшін жаңа серуендеу орнын ашады. Болашақта бұл аймақ Шымкенттің туристік әлеуетін арттырады деп күтілуде.
