Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»“ЧЕМПИОНДЫҚ РУХ”: ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
    Айғақ TV

    “ЧЕМПИОНДЫҚ РУХ”: ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.10.2025Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына сәйкес елімізде экологиялық мәдениетті дамыту және қоршаған ортаны қорғау бағытында жүйелі шаралар атқарылып келеді. Осы орайда, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық акциясы аясында республикалық Road-эстафетасын ұйымдастырды. Айта кетейік, жобаға Экология және табиғи ресурстар министрлігі қолдау білдірген болатын.

    Іс-шараға еліміздің халықаралық деңгейде жетістікке жеткен спорт саңлақтары мен қоғам қайраткерлері арнайы қатысты. Атап айтқанда, жаттығу барысында жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы Арман Оспанов, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов, жекпе-жек спортының бірнеше түрінен әлемдік деңгейде жеңімпаз атанған Ақбар Елубай жастармен бірге тәжірибелерімен бөлісті. Олар спортқа адалдық, еңбекқорлық, тәртіп пен шыдамдылықтың маңызын атап өтіп, жастарға өздерінің өмірлік жолдары мен жетістіктері туралы айтты.

    Сонымен қатар, шараға Шымкент қалалық партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, жастар жанашыры Есен Елеукен, қоғамдық пікір көшбасшылары мен түрлі саладағы белсенді жастар қатысты. Бұл бастама қоғамдағы салауатты өмір салты мен спорттың маңыздылығын кеңінен насихаттауға, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен табандылық қасиеттерін сіңіруге бағытталғаны айқындалды.
    ⠀
    Жалпы жаттығуға 300-ден астам жас қатысты. Олар чемпиондармен иық тірестіре жаттығып қана қоймай, өздеріне үлкен мотивация алды. Спортшылармен бірге уақыт өткізу — жастарға шынайы жігер сыйлап, спорттағы шыңға жету жолының қажырлы еңбек пен ерік-жігер арқылы ғана мүмкін болатынын көрсетті.
    ⠀
    «Чемпиондық рух» жобасы — жастардың рухани және физикалық тұрғыда дамуына серпін беріп, олардың өз күшіне деген сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл жоба арқылы еліміздің ертеңі саналатын жас буынға спорттың құндылығы мен артықшылығы айқын көрсетілуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.