• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШ – АБЫРОЙ МЕН АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

15.10.2025
0

Шымкент қаласында 35748 әскери бөлімінде мерзімді қызметін аяқтаған 140 сарбазды запасқа шығарып салу салтанаты өтті. Бұл – ел қорғаны болған жауынгерлердің ерен еңбегіне, табандылығы мен ерік-жігеріне көрсетілген зор құрметтің көрінісі. Бір жыл бойы Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар әскери, жауынгерлік және оқу-жаттығу дайындықтарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, бөлім абыройын арттырды.

Салтанатты шара саптық алаңға жауынгерлік тудың енгізілуінен басталып, әскерилердің дәстүрлі рәсімдерімен өрбіді. Әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы, подполковник Айдос Исаев сарбаздарға жылы лебізін білдіріп, олардың көрсеткен тәртібі мен батылдығын жоғары бағалады.

– Құрметті сарбаздар! Әскери қызмет кезінде танытқан табандылықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіздер ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында абыроймен қызмет еттіңіздер. Алдағы өмірлеріңізде де биік жетістіктер мен сәттілік серік болсын, – деді ол өз сөзінде.

Бір жылдық әскери өмір сарбаздарға ерік-жігер мен төзімділікті ғана емес, ұйымшылдық пен тәртіптің де мәнін ұқтырды. Қызмет барысында 5 сарбаз спорт шебері, 10 сарбаз бірінші дәрежелі және 15 сарбаз екінші дәрежелі спорт шебері атанды. Бұл – әскердегі спорттық дайындықтың жоғары деңгейін және сарбаздардың жан-жақты дамығанын дәлелдейді.

Сонымен қатар Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысының кезектен тыс тексеруінде шымкенттік сарбаздар жоғары баға алды. Көздеуіш оператор қатардағы Асылмұрат, оқшашар қатардағы Уринбеков, ефрейторлар Қайратұлы мен Ахметжан үздік нәтиже көрсетіп, бөлім намысын қорғады. Ал 2 шабуылдаушы ротаның 2 взводы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тексерісінде «өте жақсы» деген бағаға ие болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы» деп көрсетілген. Бұл қағиданы берік ұстанған жас сарбаздар ел алдындағы борышын абыроймен атқарып, нағыз патриоттық өнеге көрсетті.

Өткен аптада сондай-ақ, Шымкентте әскерге шақыру науқаны жалғасын тапты. Қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жинақ бекетінде жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Бұған дейін 240 жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болса, бүгін олардың қатарына тағы 56 сарбаз қосылды. Олардың ішінде 21 жас — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауыл ротасының әскери бөлімдерінде, ал 35 сарбаз — Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамында қызмет ететін болады.

Салтанатты іс-шараға қала әкімдігінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері, ардагерлер мен сарбаздардың ата-аналары қатысты. Қатысушылар жас сарбаздарға адал қызмет, мықты денсаулық және ел қорғаны болу жолында табыс тіледі.

Шымкент қаласы бойынша “Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің” төрағасы Рыспеков Серғали Епишманұлы, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің өкілі капитан Көпбай Темірбеков, ҚР Қарулы Күштерінің 18404 әскери бөлімінің өкілі майор Нұрлан Толдыбаев және сарбаздың ата-анасы жас буынға ақ тілегін білдіріп, Отан алдындағы борышты абыроймен өтеуге шақырды.

Іс-шараның ресми бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын саптан шығару рәсімімен аяқталып, қатысушыларға арналған шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкент қаласынан барлығы 1500-ге жуық жас азамат мерзімді әскери қызметке аттанбақ. Бұл – елге қызмет етуге дайын жаңа буынның отансүйгіштік пен жауапкершілік рухының айқын көрінісі.

Әскери борыш – әрбір азаматтың елге деген адалдығын, ерлігін және жауапкершілігін айқындайтын өмір мектебі. Отан үшін қызмет ету – тек міндет емес, ұлттың болашағын қорғауға қосқан зор үлес.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА  “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
21.01.2026
0

Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.