• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ КҮЗЕТШІСІ

08.10.2025
0

Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жаңа өрт сөндіру деполарының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі таңда Таскен, Елтай және Сәуле шағын аудандарында өрт сөндіру деполарының құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Жоба толық аяқталған соң әр нысанда 20-ға дейін қызметкер жұмыс істейді және 2 өрт сөндіру техникасы тәулік бойы дайындықта тұрады.

Бұдан бөлек, бұл деполар тек өрт сөндірушілерге ғана емес, халыққа кешенді қызмет көрсететін қауіпсіздік орталығы ретінде де қызмет атқарады. Мұнда учаскелік полиция пункті, медициналық көмек көрсету пункті, сондай-ақ жол-патрульдік полиция бөлімшесі орналастырылады.

Бір қабатты заманауи ғимараттың жобасында қызметтік кабинеттермен қатар, асхана, оқу сыныбы, демалыс бөлмелері және жабдық сақтау қоймасы қарастырылған. Бұл мамандардың тиімді жұмыс істеуіне әрі кәсіби даярлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Өрт сөндіру деполарының шағын аудандарға салынуы – төтенше жағдай кезінде әрекет ету уақытын қысқартады. Бұрын қала орталығынан жететін өрт сөндірушілердің уақыты енді бірнеше есеге азаймақ. Бұл тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады.

Жыл соңына дейін Шымкент қаласында тағы екі нысанның – Бозарық және Жаңаталап шағын аудандарындағы өрт сөндіру деполарының құрылысы басталады.

Ал 2026 жылы Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити және Ақжар шағын аудандарында осындай заманауи деполардың құрылысын қолға алу жоспарлануда.

Қаладағы ең ірі нысандардың бірі – Тұран шағын ауданында салынудағы 4 өрт сөндіру көлігіне арналған депо. Құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған жоба бүгінде 25 пайызға орындалған. Бұл нысан 2026 жылға өтпелі жоба ретінде жоспарланған.

Тұран депосы іске қосылған соң, ол тек өз ауданына ғана емес, көршілес аймақтарға да қызмет көрсететін өңірлік маңызы бар бөлім болмақ.

Қала аумағының кеңеюіне байланысты өрт сөндіру инфрақұрылымын жетілдіру – тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды қадамы.

Жаңа деполардың салынуы арқылы Шымкент төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету уақыты мен сапасын айтарлықтай арттырып, қауіпсіз қала тұжырымдамасын нақты іске асырып келеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

8 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Айғақ медиа
08.10.2025
0

Шымкентте ренновация бағдарламасы аясында қала келбеті жаңарып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарып келеді. Бағдарлама бойынша ескі үйлердің орнына жаңа көпқабатты баспаналар...

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ КҮЗЕТШІСІ

ЕРЛІК ИЕЛЕРІ

Айғақ медиа
08.10.2025
0

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАМҚОРЛЫҒЫ Жылыту маусымы қарсаңында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардың үйлерін аралап, өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме...

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ КҮЗЕТШІСІ

ПРОКУРОР МІНБЕРІ

Айғақ медиа
08.10.2025
0

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткі өсірген тұрғын ұсталды. Шымкент қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл...

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ КҮЗЕТШІСІ

БАТЫРДЫҢ ҒҰМЫРЫ – ЕЛГЕ ӨНЕГЕ

Айғақ медиа
08.10.2025
0

1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында Түркістан облысының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері, елдің абыз ақсақалы Анарбай Мырзахметовтың...

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ – БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ КҮЗЕТШІСІ

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН БЕРІК ІРГЕТАС

Айғақ медиа
08.10.2025
0

Шымкент қаласында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдеріне арналған ауқымды тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. «Адал азамат – адал еңбек –...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ – ӘСКЕР НАМЫСЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ – ӘСКЕР НАМЫСЫ

Айғақ медиа
01.10.2025
0

Шымкентте қоян-қолтық ұрыстан жеңімпаз Дархан Жорағұлды салтанатты түрде қарсы алды Шымкент қаласының әуежайында жастар арасындағы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы, лейтенант...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.