Қала әкімінің халықпен көшпелі кездесуі Республика даңғылында жалғасын тапты. Бұл жолы жиынға жиналған тұрғындар жол сапасы, үйлерді сүру мәселесі, сондай-ақ су ағатын лотоктардың жоқтығы секілді түйткілді алға тартты. Әкімдік өкілдері көтерілген әрбір ұсынысты назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. Толығырақ тілші метериалында.
Кезекті көшпелі кездесуде қала әкімі тұрғындармен жүздесіп, түйткілді мәселелерін тыңдады. Тұрғындардың бірі кеше ғана салынған жолдардың сапасы сын көтермей тұрғанын жеткізді.
Халықтың сауалдарына жауап берген қала әкімі аталған бағыттар бойынша жөндеу жұмыстары жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ әрбір мәселе жеке бақылауда болатынын атап өтті.
Тұрғындардың бірі көшпелі кездесуде аулаға бейнебақылау камерасын орнатуды сұрады. Оның айтуынша, есірткіге тәуелділердің әрекеті тұрғындардың мазасын алуда. Сондай- ақ су ағатын лотоктардың жоқтығын жеткізді. Шаһар басшысы бұл мәселелердің арнайы тізімге енгізілгенін жеткізді. Сондай-ақ жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетінін айтты.
Кездесуде сөз алған қария ескі үйлердің сүрілуін сұрап, өз алаңдаушылығын білдірді.
Ол бұл мәселе тұрғындар үшін қаншалықты маңызды екенін баса айтты.
Тұрғындардың уәжін тыңдаған әкім барлық шараның заң аясында жүзеге асатынын айтты. Әрбір мәселенің әділ әрі ашық қаралатынына сенім білдірді.
Кездесу соңында тұрғындар қала әкіміне мәселелерін тыңдап, шешім табылатынына сенім білдіргені үшін алғыстарын айтты. Сонымен қатар қала басшысы өкілдеріне нақты тапсырмалар беріп, жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жеткізді.