• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қыркүйек 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӘСКЕРДІҢ МЫҚТЫ БОЛУЫ – ТЫЛ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІНДЕ

04.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жуырда Тыл мамандары күні аталып өтті. Бұл мереке – ел армиясының сенімді тірегі болып, көзге көп түсе бермейтін, бірақ аса маңызды міндетті орындап жүрген мамандардың кәсібилігі мен адалдығына құрмет білдіру күні.

Әскердің жауынгерлік қабілеті тек алдыңғы шептегі сарбаздардың дайындығымен ғана емес, сонымен қатар олардың күнделікті қажеттіліктерін толық әрі дер кезінде қамтамасыз ететін тыл қызметінің жүйелі еңбегімен тікелей байланысты. Дәл осы мамандардың арқасында әскери қызметшілер тапсырмаларын орындауға барынша жайлы әрі сенімді жағдайға ие болады.

Мереке аясында Қарулы күштерде «ҚР ҚК-нің үздік монша-кір жуу кешені» байқауы өткізілді. Бұл сайыс тыл бөлімшелерінің кәсіби деңгейін арттыруға және олардың еңбегін дәріптеуге бағытталған.

Нәтижесінде 35748 әскери бөлімі үздік үштіктің қатарынан көрініп, 3-орынға ие болды. Ерекше атап өтер жайт – бөлімшенің монша-кір жуу комбинатының меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы Ақмарал Тойтанова өз кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында ұжымдық табысқа зор үлес қосты.

– Біздің басты мақсатымыз – сарбаздардың барлық тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, олардың тек жауынгерлік міндеттерге шоғырлануына жағдай жасау. Біз өз еңбегімізді мақтан тұтамыз және Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруға үлес қосып отырғанымызды зор мәртебе санаймыз, – дейді Ақмарал Тойтанова.

Әскери бөлімнің монша-кір жуу кешені заманауи жабдықтармен толық қамтылған. Бір мезгілде 500 сарбазға дейін қызмет көрсете алады. Оның құрамында үтіктеу, кір жуу, кептіру және тігін цехтары бар. Әр цехта өз ісінің майталман, тәжірибелі мамандары еңбек етуде.

Бұл – әскери қызметшілердің жеке бас гигиенасын сақтауға, киімдерінің тазалығы мен сапасына көңіл бөлуге, сонымен қатар олардың моральдық-психологиялық жай-күйін жақсартуға ықпал ететін маңызды құрылым.

Қарулы күштердің тыл мамандары – әскердің көзге көрінбейтін, бірақ берік тірегі. Олар сарбаздарды үздіксіз қамтамасыз етіп, кез келген жағдайда тапсырмаларды ойдағыдай орындауға жағдай жасайды.

Олардың адал еңбегі арқасында еліміздің Қарулы күштері мықты, ал болашағы сенімді бола түсуде.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

БОЛАШАҚ САРБАЗДАРДЫҢ СЕНІМДІ ҚАДАМЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің генерал Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжінде ерекше мазмұндағы кездесу өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқу орнының...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТІҢ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕЛГЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Ресей Федерациясының Мордовия Республикасында, Саранск қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірім қыздар арасындағы X Әлем чемпионаты өтті. Байрақты додада Қазақстан құрамасы...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Бейбітшілік пен тұрақтылықтың, құқық пен еркіндіктің кепілі саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясына биыл 30 жыл толды. Осы айтулы мереке аясында Шымкент...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — САНАЛЫ ТАҢДАУ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Биыл Қазақстан Республикасы үшін айрықша тарихи белес — Ата заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1995 жылғы 30 тамызда дүниеге...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӘЛЕУМЕТТЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Ішкі істер министрлігі мен қалалық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – ПРОКУРАТУРАНЫҢ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУЫНДА

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Мемлекет басшысы инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән беріп келеді. Осы орайда прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын жүйелі әрі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.