Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Ішкі істер министрлігі мен қалалық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес барысында өңірдегі 6 түзеу мекемесінің қызметі зерделеніп, бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Басты назар мына бағыттарға аударылды:
- жедел-режимдік жағдайды қамтамасыз ету;
- сотталғандардың конституциялық құқықтарының сақталуы;
- медициналық көмектің қолжетімділігі;
- білім беру бағдарламаларының сапасы мен тиімділігі.
Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесіне заманауи технологияларды енгізу, оның ішінде жасанды интеллект элементтерін пайдалану, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай жаңа үлгідегі түзеу мекемелерін салу мәселелері көтерілді.
Кеңес қорытындысында уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.
Бұл жұмыстардың түпкі мақсаты – түзеу мекемелерінің тек жазаны орындау алаңы ғана емес, сонымен бірге сотталғандардың әлеуметтік қайта әлеуметтенуіне, еңбекке араласуына және қоғамға толыққанды оралуына жағдай жасау болып табылады.