Ресей Федерациясының Мордовия Республикасында, Саранск қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірім қыздар арасындағы X Әлем чемпионаты өтті. Байрақты додада Қазақстан құрамасы сынға түсіп, жоғары дайындық пен ерекше ерік-жігердің арқасында жүлделі орынға қол жеткізді.
Қазақстан намысын қорғағандардың қатарында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің спортшысы Джуман Ариана болды. Ол өз шеберлігін көрсетіп, команданың жетістігіне зор үлес қосты.
Жарыс нәтижесінде қазақстандық команда:
Жалпыкомандалық есепте – 3-орын;
Жауынгерлік қанат жаю сайысында – 3-орын иеленді.
Бұл жеңіс еліміздің құтқарушылары арасында спорттық шеберлікті дамытуға, сондай-ақ жастардың отансүйгіштік рухын нығайтуға тың серпін берді.
Отанға оралған чемпионды әуежайда Шымкент қаласы ТЖД басшылығы, әріптестері мен жеке жаттықтырушысы гүл шоқтары мен ыстық ықыласпен қарсы алды. Жас спортшының жеңісі — Қазақстан құтқарушыларының кәсіби дайындық пен спорттық шыңдалудағы жетістігінің жарқын дәлелі.