• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қыркүйек 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БОЛАШАҚ САРБАЗДАРДЫҢ СЕНІМДІ ҚАДАМЫ

04.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің генерал Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжінде ерекше мазмұндағы кездесу өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқу орнының басшылығы бірінші курсқа қабылданған жас ұландар мен олардың ата-аналарын арнайы шақырып, колледждің тыныс-тіршілігімен жан-жақты таныстырды.

Оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысу

Кездесу барысында ата-аналарға оқу корпустары, казармалар, асхана, спорт залдары мен колледждің өзге де инфрақұрылымдық нысандары көрсетілді. Әскери ортадағы күн тәртібі, тәртіп ережелері және білім алу ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ ұландарға салтанатты түрде әскери форма жиынтығы мен қажетті жабдықтар табысталды.

Колледж бастығы, полковник Мақсат Ахшалов бұл кездесудің маңызын атап өтіп, ата-аналар мен оқу орны арасындағы ашық диалогтың болашақ сарбаздардың сенімді қалыптасуына ықпал ететінін жеткізді:

– Биыл конкурс нәтижесінде біздің колледжге 168 жас талапкер қабылданды. Бүгін ата-аналарды шақырып, оқу барысын, әскери атақ беру тәртібін және болашақтағы қызмет ету мүмкіндіктерін толық түсіндірдік. Бұл арқылы әрбір ата-ана баласының сенімді қолдарда екеніне көз жеткізе алады, – деді ол.

Ата-аналардың ризашылық лебізі

Жиынға келген ата-аналар колледждің оқу-тәрбие жүйесімен танысып, жүректеріндегі қуаныштарын жасырмады.

Қызылорда қаласынан келген бірінші курс ұланының әкесі Ғалымжан Өтегенов:

– Ұлым 9-сыныптан кейін әскери жолды таңдады. Бүгін оқу орнындағы жағдайды өз көзімізбен көріп, басшылықпен тілдестік. 400-ден астам үміткердің арасынан іріктеліп, осында оқуға түскені – үлкен жетістік. Біз баламыздың дұрыс таңдау жасағанына қуанамыз, – деді.

Ал бірінші курс ұланының анасы Алла Штурбина өз әсерімен бөлісті:

– Бізге барлығы ашық әрі жылы қабылдаумен көрсетілді. Ұландардың күн тәртібі, оқу ерекшеліктері жайлы толық айтып берді. Ана ретінде балаларымыздың қауіпсіз әрі сенімді ортада екеніне көзім жетті. Енді олардан ел қорғайтын нағыз ержүрек әскерилер шығады деп сенемін, – деді ол.

Болашақ қорғаушыларға жасалған жағдай

Кездесу соңында ата-аналар колледж аумағын аралап, оқу мен демалысқа, спортпен шұғылдануға және жан-жақты даму үшін барлық жағдай жасалғанына көз жеткізді.

Бұл іс-шара жас сарбаздардың бойында Отанға адал қызмет етуге деген сенім мен жауапкершілікті нығайтып қана қоймай, ата-аналардың жүрегіне де сенімділік пен мақтаныш сыйлады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ӘСКЕРДІҢ МЫҚТЫ БОЛУЫ – ТЫЛ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІНДЕ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жуырда Тыл мамандары күні аталып өтті. Бұл мереке – ел армиясының сенімді тірегі болып, көзге көп...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТІҢ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕЛГЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Ресей Федерациясының Мордовия Республикасында, Саранск қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірім қыздар арасындағы X Әлем чемпионаты өтті. Байрақты додада Қазақстан құрамасы...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Бейбітшілік пен тұрақтылықтың, құқық пен еркіндіктің кепілі саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясына биыл 30 жыл толды. Осы айтулы мереке аясында Шымкент...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — САНАЛЫ ТАҢДАУ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Биыл Қазақстан Республикасы үшін айрықша тарихи белес — Ата заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1995 жылғы 30 тамызда дүниеге...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӘЛЕУМЕТТЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Ішкі істер министрлігі мен қалалық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – ПРОКУРАТУРАНЫҢ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУЫНДА

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Мемлекет басшысы инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән беріп келеді. Осы орайда прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын жүйелі әрі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.