Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары және қонақтары! Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 27 тамызы мен 10 қыркүйек аралығында «Бақытты отбасы» акциясы өтуде.
Отбасы – кез келген мемлекеттің негізі саналатын ең басты құндылық. Әрбір адамның жеке өміріндегі тыныштығы мен берекесі – қоғамдағы тұрақтылықтың айнасы. Біз, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ел ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, отбасы институтын нығайтуға да үлес қосуға тиіспіз. Себебі, бақытты ел – алдымен бақытты отбасылардан басталады.
Біздің мақсат – тек құқық бұзушылықтың алдын алу ғана емес, сонымен қатар халық арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, жастарға дұрыс бағыт беру. Жанұя ішінде жылылық пен өзара қолдау болса, ол бүкіл қоғамға оң әсер етеді. Сондықтан әрқайсымыз өз отбасымыздың берекесі арқылы еліміздің болашағына үлес қоса аламыз. Себебі, бақытты отбасы – бақытты елдің кепілі.
Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі