Шымкент қаласының прокуратурасында аудандық прокуратура қызметкерлеріне арналған «Прокурорлық қадағалаудың жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алудағы және балалардың құқықтарын қорғаудағы рөлі» тақырыбында кеңейтілген семинар-тренинг өтті.
Іс-шара «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында және прокуратура органдарының жас мамандарымен жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға тәжірибелі прокурорлармен қатар, құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының өкілдері де қатысты.
Кездесуде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заманауи тетіктері талқыланды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себептерін жою, отбасылық-тәрбиелік ортаны нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру бағыттары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар прокуратура органдарының мемлекеттік құрылымдармен және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысында қатысушылар балалардың құқықтарын тиімді қорғау және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу ісінде прокурорлық қадағалаудың маңызы зор екені атап өтілді. Бұл бағыттағы ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту – қоғамның құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі екендігі баса айтылды.