• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БОЛАШАҚ – ӘСКЕР ҚАТАРЫНАН БАСТАЛАДЫ

20.08.2025
0

2024 жылдың көктемінде Шымкент қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған 86 жас жігіт мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алып, еліміздің жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне ие болды. Бұл — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан, әскери қызмет кезінде тәртіп пен үлгілі мінез-құлық танытқан сарбаздарды қолдауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Осы бағдарламаның жарқын үлгісі – запасқа шыққан қатардағы жауынгер Жанболат Еспен. Ол әскерге дейін Шымкент қаласындағы жергілікті әскери басқару органдарының бірінде инспектор қызметін атқарған. Жас жігіт мерзімді әскери борышын абыроймен өтеп, оң мінездеме алған соң, Ұлттық бірыңғай тестілеусіз-ақ мемлекеттік грант арқылы жоғары білім алуға болатынын естіп, бұл мүмкіндікті жіберіп алмауды мақсат етіп қойды.

Қарағанды гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет еткен Жанболат әскери жарғы талаптарын мүлтіксіз орындап, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық бағдарламаларын жоғары деңгейде меңгерді. Қызмет барысында бірнеше мәрте Астана қаласына іссапармен барып, бөлім басшылығы тарапынан жауапкершілігі мен тәртіптілігі үшін жоғары баға алды.

Он екі айлық әскери қызметін абыроймен аяқтап, «Көктем – 2024» шақырылымының үздік сарбаздарының бірі ретінде танылған Жанболат мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл сүйінші жаңалықты ол ең бірінші анасы Гүлжаухар Сәрсембаеваға хабарлап, анасының ұлына деген мақтанышы мен ақ батасын алды.

Бүгінде Жанболат туған қаласы Шымкентке оралып, «МИРАС» университетіне құжаттарын тапсырып, білім жолын жалғастыруға дайындалып жүр. Сонымен қатар, ол Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандары бойынша біріктірілген Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына арнайы барып, өз тәжірибесімен бөлісіп, болашақ сарбаздарға бағыт-бағдар көрсетті.

Аталған басқарма бастығының орынбасары, майор Ердәулет Темірбаев Жанболаттың жетістігіне жоғары баға беріп:

– Жанболаттың жолы – әскердің тек ерлік мектебі ғана емес, сонымен қатар жарқын болашаққа апарар сенімді баспалдақ екенін дәлелдейді. Оның табысы – Шымкент жастары үшін үлкен шабыт, – деп атап өтті.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

КОНСТИТУЦИЯ — ЕЛІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
28.08.2025
0

 Құқық қорғау қызметкерлері дөңгелек үстелде бас қосты. Конституцияның 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» атты тақырыпта өткен...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН МЕКТЕП

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Seitzhan School – сапалы білім берумен қатар, оқушының жан-жақты дамуына басымдық беретін заманауи мектеп. Бүгінде 1000 орындық...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Айғақ медиа
25.08.2025
0

      Үшінші мегаполисте ұстаздардың дәстүрлі қалалық Тамыз конференциясы өтті. Биылғы басқосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

САРБАЗ – ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласының Жастар сарайында гарнизонның үздік сарбаздарын ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері...

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес,...

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Жаз – демалыс пен серуеннің ғана емес, су айдындарындағы қауіптің де белең алатын уақыты. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.