• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

16.07.2025
0

Шымкент қаласының жастары Ақтөбе қаласынан бастау алған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафонынан жүлделі орындарға ие болып, туған өлкеге абыроймен оралды. Ауқымды патриоттық жоба Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастардың басын қосты.

Марафон Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы мемориалдық кешеннен бастау алып, қатысушылар соғыс ардагерлерімен жүздесіп, олардың хаттары мен естеліктерін жинады. Бұл тарихи деректер кейін арнайы әзірленген «Батырларға тағзым» атты онлайн платформада жарияланып, марафон соңында жиналған материалдар музей қорына тапсырылады.

Марафон барысында әскери-патриоттық және зияткерлік сайыстар ұйымдастырылып, Қазақстанның барлық өңірінен келген жастар өзара бақ сынасты. Шымкент қаласының жастары бұл байқауларда ерекше белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда:

  • «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының Шымкент қалалық командасы жүлделі ІІІ орын иеленді;
  • Сабыр Рақымов атындағы республикалық әскери колледждің тәрбиеленушілері – І орынға қол жеткізді.

Жеңімпаз жастар Шымкентке салтанатты түрде оралды. Оларды қалалық білім басқармасының өкілдері, ардагерлер, Қарулы күштердің ардагерлері, ата-аналар мен ұстаздар жылы ықыласпен қарсы алды. Салтанатты шараға ҚР Қарулы күштері ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серікбай Оңбаев қатысты.

Марафонға қатысқан «Арыстан» әскери-патриоттық клубының мүшесі Батырхан Байданов жарыстың өте тартысты өткенін, қатысушылардың бәрі де жеңіс жолында бар күш-жігерін салғанын атап өтті.

Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының дене тәрбиесі пәні бойынша әдіскері Дәулет Құттиев бұл жеңістің тек спорттық не білімдік қана емес, рухани жетістік екенін айтты:

«Осындай республикалық жобалар жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Біздің жастардың жетістігі – табанды еңбектің, жан-жақты дайындықтың және елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі», – деді ол.

«Ардагер өсиеті» марафоны – жас ұрпақтың санасына патриотизм мен тарихи жадыны сіңіруге бағытталған маңызды бастама. Шымкент жастарының бұл жеңісі – қала тұрғындары үшін зор мақтаныш, ал жас буын үшін үлгі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
16.07.2025
0

Шымкент қаласында құтқарушылар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету, кәсіби әлеуетін арттыру және материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге...

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНДЕ

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНДЕ

Айғақ медиа
16.07.2025
0

Шымкент қаласында жаз мезгілінде жиілейтін балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлау деректерінің алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық шаралар күшейтілуде. Бұл туралы...

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Айғақ медиа
16.07.2025
0

Шымкент қаласында шомылу маусымы басталысымен, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда. Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында...

МӘЖІЛІСМЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРДЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРДЫ

Айғақ медиа
16.07.2025
0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының мүшесі Олжас Құспеков Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысты....

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.