• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТЖМ СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ БАР УЧАСКЕЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДЕ

07.01.2025
0

Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне белсенді дайындықты жалғастыруда. Су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қзыметі.

       

Бүгінгі күні өңірлерде 2025 жылғы су тасқыны қатерлерін барынша азайту республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттармен (әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарлары және Өңірлерді дамыту жоспарлары, су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі инженерлік жұмыстардың өңірлік жоспарлары) іске асырылуда.

Аталған бағдарламалық құжаттар шеңберінде ел бойынша жергілікті атқарушы органдар су тасқынына қарсы 1200-ден астам іс-шараны іске асырды.

Мәселен өңірлерде 478 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды, жөнделді және нығайтылды, 125 км дренаждық жүйелер жөнделді және салынды, автомобиль және темір жолдардың астына 837 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды, 219 км каналдар мен 334 км арықтар салынды, 75 ГТС ағымдағы жөндеу жүзеге асырылды.

Өзен арнасының учаскелерінде 98 км жаға нығайту,  189 км түбін тереңдету, 126 км түзету, 173 км тазарту жұмыстары жүргізілді.

Осы шаралардың барлығы су тасқынынан қорғау үшін сенімді инфрақұрылым құруға бағытталған.

Бұдан басқа 2024 жылғы су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар елді мекендер мен учаскелердің тізбесіне түзету және нақтылау жүргізді, 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 1 221 құрады.

Абай облысы ТЖД қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, Семей қаласының шекарасындағы Ертіс өзенінде гидрологиялық жағдайды бақылау жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – мұз қату және мұз кептелістерінің алдын алу мен болжам жасау. Визуалды тексеру барысында өзендегі судың ағысы еркін екені, мұз қату мен мұз кептелістерінің жоқ екені анықталды.

Алматы облысының ТЖД мүдделі органдармен бірлесіп «Қазавиақұтқару» Ми-8 тікұшағында облыстың көшкін және су тасқыны қаупі бар учаскелеріне аэровизуалды барлау жүргізді. Мониторинг қысқы және көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Іле-Алатау жотасының көшкін қаупі бар учаскелерінің және Балқаш ауданының су тасқыны қаупі бар аймақтарының жай-күйін бағалау үшін жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ұсынымдар дайындалды, олардың шешімі облыс аумағында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін болады.

Қызылорда облысы ТЖД комиссия құрамында су тасқынының алдын алу мақсатында тікұшақты пайдалана отырып, Сырдария өзенінің мониторингі бойынша жұмыс жүргізілді. Жалпы өңірдегі Сырдария өзеніне құйылып жатқан судың көлемі секундына 410 м3 құрайды. Арал теңізінен бастап Шиелі ауданындағы Тартоғай елді мекенінің тұсына дейін Сырдария өзенінің беткейлерін мұз басқан. Шиелі ауданындағы өзен аумағында 25-30% қабыршақ мұз жүруде. Жергілікті әкімдіктің резервінде шұғыл шығындарға және сеңді-мұзды жару жұмыстарына тиісті қаражат көзделген. Сырдариядағы мұздың жай-күйі тұрақты бақылауда.

 

Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша іс-шаралар жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

Previous Post

2025 ЖЫЛДАН БАСТАП 600 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ 20 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

Next Post

ҚАЗАҚСТАНДА САНИТАРЛЫҚ КІТАПШАЛАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШЕДІ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.