Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Оларды мұндай теріс іс-әрекеттерге итермелейтін нендей күш? Толығырақ әріптесім тарқатсын. Гүлназ
Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып,мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.
Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — жастар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылуда. Жыл сайын елімізде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың 50 %-ға жуығын жастар жасайды. Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту – еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі.