Шымкентте «Shymkent IT Hub” мүмкіндіктер алаңы атты форум өтті. Шараның негізгі мақсаты – IT саласына деген балалардың құлшынысын ояту үшін көптеген іс-шараларды ұйымдастыруға, нетворкингті дамытуға, тәжірибе алмасуға, яғни воркшоптар, практикумдар, іс-тәжірибе сағаттарын өткізуге бағытталған. Ол жерде белгілі бір нәтиже көрсетіп, дәрежеге жеткен жастар келіп, өз тәжірибелерімен бөліседі. Бүгінгі таңда орталықта жастардың стартаптарына толықтай менторлық жасалып, дарынды оқушылардың инновациялық жобаларына қолдау көрсетіліп жатыр.
«Shymkent Hub «Astana Hub» білім беру және инкубациялық бағдарламаларын іске асыруға арналған платформа болады. Оның аумағында белсенді IT-қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өтеді. Стартап-жобаларды әзірлеу барысында қатысушылар кәсіпкерлік негіздерін, инвестицияларды тартуда қолдауды, қаржылық есеп жүргізуді және басқа да қажетті дағдыларды үйренеді.
Сондай-ақ Шымкент қаласынан бой көтеретін технологиялық парктің әлеуеті болашақта зор болмақ. Себебі заманауи технологияның қарыштап дамыған заманында IT HUB орталықтары цифрландыру саласын дамытуға септігін тигізеді. Әсіресе жастар үшін стартап жобаларды, технологиялық кәсіпкерлікті жүзеге асыратын біріңғай орталыққа айналады.