• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ХАЛҚЫН АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР

16.10.2024
0

Қала әкімі көшпелі кездесудің екінші күні Әл-Фараби ауданына барды. Географиялық орналасуы бойынша шаһардың ішкі аумағындағы аудан халқының басым бөлігін — абаттандыру, көгалдандыру, ирригациялық  жүйелердің жайы алаңдатады екен. Сондай-ақ, қай заманда болмасын өзектілігін жоймаған жер дауы айтылды. Ал, балабақшада берілетін тамақтың сапасына сын айтқан ата-аналар салалық басқарма жұмысын ширатса екен дейді.

Балабақшадағы келеңсіз оқиғалар айғай-шу болып, тексеріс жүрсе ғана шешіледі. Ал, қалған күндері баяғы жартас сол жартас деген ата-аналар білім басқармасы басшысының орынбасарын тыңдағысы да келмеді.

Кездесуде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша тағы бір мәселе айтылды. Президенттің бастамасымен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары балабақшаға тегін барады. Бірақ, бұл Қаулы мегаполисте әлі күшіне ене қоймаған сыңайлы.

Бұл тақырыптың төңірегінде талай ақжағалының есігін қағып, бірнеше айдан бері әуре-сарсаңға түскен ата-аналарды қала әкімі сабырға шақырды. Осы салаға жауапты орынбасары Сәрсен Абайұлына  бұл мәселені шешу бойыншп тапсырма беретінін айтты.

Күншығыстық азамат өз атына тіркелген заңды жерінің мәселесін айтып, әкімнен араша сұрады. Құзырлы органдардың жұмысына қатысты өз шындығын айтқан тұрғын“қолымда дәйекті деректер бар” дейді.

Бұдан кейінгі кездесу 16-шы шағын ауданда өтті. Үй басқарушысы Раушан Жұмабекқызы көпқабатты үйдің айналасында түнгі жарықшамдар жоқ дейді. Жауапты басқарма тарапынан шешіледі деген сөзді естігенімізге көп уақыт болды деген тұрғынға әкім жалпы мегаполистегі жарықтандыру деңгейінің төмендігін айтты. Мәселен, 2023 жылға дейін 21% ғана болған екен.

Ал, Сара Қожагелдиева жас балалардың көше кезіп, қайырымдылыққа қаржы сұрап жүргеніне алаңдайды. Сабақ уақытында, одан тыс кездерде қоғамдық көлікті жағалап жүрген жастардың келешегі не болмақ, ол қалай білім алып жатыр деп қоғамдық мәселені көтерді.

Айтылған өтініш-тілектер, қозғалған мәселелер хаттамаға енді. Ғабит Сыздықбеков әрбірінің назарға алынып, заң аясында оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын айтты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылдар жалғасуда. Қоғам мен мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін бұл індетпен күрес – тек құқық...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӘДІЛЕТ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӘДІЛЕТ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы және оның аумақтық бөлімшелері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

“АНТ АЛДЫНДАҒЫ АСҚАҚ АРМАН: ОТАНҒА АДАЛДЫҚПЕН БАСТАЛҒАН ЖОЛ”

“АНТ АЛДЫНДАҒЫ АСҚАҚ АРМАН: ОТАНҒА АДАЛДЫҚПЕН БАСТАЛҒАН ЖОЛ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент гарнизонының 10216 әскери бөлімінде ерекше тебіреніс пен мақтанышқа толы күн өтті. Көктемгі шақырылыммен келген 35 жас сарбаз салтанатты түрде...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» . Дәл осы тақырыпта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен қала прокуратурасы ұйымдастырған...

ҮЗДІК ЖЕТЕКШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ЖЕТЕКШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Қаламызда «NURAY ART FEST» өнер байқауының 10 айлық қорытындысы өтті. Бас жүлде иегері 10 миллион теңгеге жуық тұратын темір тұлпарды...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.