Президент Жолдауындағы тың бастамалар білім ошақтарында, еңбек ұжымдарында, кәсіпорындарда кеңінен талқылануда. Кезекті жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары қатысып, онда атом электр станциясының мәселелері, пайдасы мен зияны туралы сөз қозғалды.
АЭС – экологиялық тұрғыда ең таза, қауіпсіз энергия көзі. Атом электр станциясының құрылысы көмір өнімдерін пайдалануды едәуір қысқартып, қалалардағы ауа тазалығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, АЭС – болашақ инженерлер, энергетиктер, ядролық физиктер, құрылысшылар және тағы да басқа мамандық иелері үшін лайықты жұмыс әрі кәсіби тұрғыда өрлеу.
Егер елімізде атом электр станциясы салынса, жылына 20 млн тонна қалдықтың қоршаған ортаға таралуына тосқауыл болады. Сонымен қатар күн мен желден алынатын энергия да тұрақты емес. «Сондықтан атом энергетикасын пайдаланудан бас тартпаған жөн», — дейді мамандар