Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған. Бағдарлама аясында берген білім дарынды балаларды шыңдап ғана қоймай бәйгеде ортасынан суырылып шығып басым түсуге өз пайдасын тигізуде.
Шымкент қаласы Дарын орталығының 2023-2024 оқу жылында ұйымдастырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде 2 орынға ие болған, Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің 11 сынып оқушысы Сауленбек Амина Индонезияда өтілген халықаралық ғылыми жобалар конкурсында күміс алқаны иеленді.
Білім – ақыл мен парасаттың белгісі болған асыл қазына. Білімді болу алдымызда тұрған үлкен белестеріміз бен мақсаттарымыздың биік шыңы болып саналады. Білім нәрімен сусындаған адамзат рухани тұрғыда көптеген жетістіктерге қол жеткізеді әрі өзіңе жаңашылдық ашуға қабілетті болады.
Білімге ие болу жас ұрпақтың қолында тұрған қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі.