Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«ТІЛІМ МЕНІҢ – МАҚТАНЫШЫМ!»
    Жаңалықтар

    «ТІЛІМ МЕНІҢ – МАҚТАНЫШЫМ!»

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.10.2024Комментариев нет4 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл-қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие.

    Біздің заңнамаға сәйкес, оның қолданылуын шектеуге болмайды. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады”, — деп атап көрсетті.

    Тіл-ұлттың жаны. Тіл — адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын қасиетті құрал. Еліміздің мемлекеттігінің айғағы болатын басты рәміз — тіл.

    Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты қарқынды жүргізіліп келеді. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда.

    Биыл да дәстүрге сай Шымкентр қаласында 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесін кеңінен дәріптеліп, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі  Шымкент қаласы Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспары негізінде білім беру мекемелерінде 2024 жылдың 02.09-30.09 аралығында мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау жұмыстары. Аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен көп ұлтты Қазақстанның бір шаңырағының астында өмір сүретін халықтардың бірлігін көрсету   мақсатында «Тілім менің – мақтанышым!» тақырыбында айлық іс-шара өткізді.

    Соның бірі С.Нұрмағанбетов атындағы №72 мектептегі шара. М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті, философия ғылымдарының кандидаты, Шымкент қаласы Тілдерді оқыту әдістемелік орталығының бөлім басшысы Қалдыбаева  Гүланар Анарбекқызына, Абай атындағы Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Жұманова Нурила Серікбайқызы, қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Корганова Саипжамал Султановна және білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің педагогтері шараға арнайы қатысты.

    Іс-шара барысында ай бойы тіліміздің тұғырын асқақтатып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жобасында өткерілген барлық шараларды қорытындылау есебінде мектеп педагогтеріне сөз беріліп, өздері дайындаған баяндамаларын ортаға ұсынды. Сондай-ақ, Абай атындағы қалалық кітапхананың директоры Нурила Серікбайқызы сөз сөйлеп, бірқатар педагогтерге алғыс хат табыстады. Егеменді еліміздің ұйтқысы болған татулығымызды сақтауға, тәуелсіздігіміздің тұғырын асқақтатуға, өз үлесін қосып келе жатқан қаламыздағы түрі басқа болса да, тілегі бір этномәдени ұйым өкілдері мерекелік шараға өздерінің ұлттық биімен сахна төріне шығып, мемлекеттік тілде жүрекжарды құттықтау-тілектерін жолдады. Ал, мектептің дарынды оқушылары А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан және «Онегиннің Татьянаға жазған хатынан» үзінді алып, сахналық қойылым көрсетті.

    Жиынға келген қонақтар тілдің маңыздылығы туралы терең ойлы пікірлерін ортаға салды. Шараның соңында оқушылар ән мен жырдан шашу шашып, биші қыздар би билеп, кештің көркін қыздырды.

    Аталған іс-шараға барысында ай бойы туған тіліміздің тұғырын асқақтатып мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қосқан үлесі үшін  бірқатар педагогтерге алғыс хат табысталды. Егеменді еліміздің ұйтқысы болған татулығымызды сақтауға, тәуелсіздігіміздің тұғырын асқақтатуға, өз үлесін қосып келе жатқан  қаламыздағы түрі басқа болса да, тілегі бір этномәдени ұйым өкілдері мерекелік шараға өздерінің ұлттық биімен сахна төріне шығып, мемлекеттік тілде жүрек жарды құттықтау-тілектерін жолдады. Айтулы шараға қонақтар тілдің маңыздылығы туралы терең ойлы пікірлерін білдірді, оқушыларымыз ән мен жырдан шашу шашып кеш көркін қыздырды.

    Бұдан бөлек Шымкент қалалық Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталығы мен №1 Talant жалпы білім беру мектебі ұйымдастыруымен тілге қатысты заңының орындалуын қадағалау, еліміздің болашағы- жастардың мемлекеттік тілді кеңінен қолдануын насихаттау мақсатында «Тіл-Тәуелсіздік төлқұжаты» атты қалалық тәжірибелік семинар өтті.

    Тіл білімі саласындағы маңызды мәселелерді сынға салған жиынға 120-дан астам білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

    Жоба барысында Республикалық деңгейде үздік атанған пікірсайысшылармен көрсетілім ойын өткізілді. Қалалық семинар соңында әрбір педагогтың сабақтарына талдау жасалып, қала мектептерінің мұғалімдері жоғары бағалады.

    Тың тәжрибесімен көзге түскен таланттық бірқатар педагогтер арнайы марапаттауға ұсынылды.

    Ағымдағы оқу жылында №1 Talant ұжымы 20 қалалық, 5 республикалық

    тәжірибе алаңдарын өткізуді жоспарлап отыр.

    Сондай-ақ, Ұлттық ұлан жауынгерлері үшін «Отан» ұғымы қаншалықты маңызға ие болған болса, мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі соншалықты маңызға ие. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясының аясында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мерекелік кеште қонақтарға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әмреевтің алғыс хаттары мен арнайы сыйлықтары табыс етілді.

    Түркия елінде  10 жылдан аса уақыт жоғары оқу орнында декан қызметін атқарған Аябек Байниязов, өзінің қызмет жолында кезіккен тіл мәселесі жайлы жеке құраммен бөлісті. Түркия елі өзінің ана тілін тірілту жолында қаншама ұлы істер атқарғанын, біз қазақтың  ұлдары бай ана тілімізді  қорғап, қастерлеп келесі ұрпаққа кіршіксіз жеткізуімізді ұсынды. Авар ақыны Расул Хамзатовтың өлең шумағын оқып, тілдің қаншалықты маңызды екенін, тіл бар да ұлт бар екенін, ана тілі- халықтың жаны екенін ұғындырды.

    Дегенмен қазіргі заманның ағымына сай Мемлекет басшымыз мысал келтірген «екі тіл білген екі адам деп», жастарды жан-жақтылыққа, өзге де әлем тілдерін үйренуге шақырды. Алайда ана тіліміз —  қазақ тілі қашанда  тұғыры биік болуы тиіс деп қорытындылады.

    Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Тіл – асыл қазына, рухани мұра. Кез келген ұлт әлемге тілі арқылы танылады. Түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, ең көркем, мәнді де мағыналы тіл – қазақ тілі. Халық үшін тілден асқан байлық жоқ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.