Шаһарда Суретші,ақын, тарихшылар жиналып Аэс мәселесін ортаға салды. Қатысушылар баламалы энергия көзінің маңыздылығына тоқталды. Мамандардың айтуынша Атом электр станциясы 10-15жылда өзін-өзі ақтайды, 60жылға жуық қызмет етеді.Жиынға қатысушылар қуат көзін қолдануда қауіпсіздік шарасының басты болатынын да айтып өтті.
Жолдауда айтылған мәселе қоғам талқысында жүргеніне біршама уақыт өтті. 6 қазан күні өтетін референдум көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап болмақ. Мамандар энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы — Аэс салу дейді. Іс- шарада атом электр станциясының тиімді тұстары айтылды.
Бүгінде Республика бойынша тұтынып отырған электр куаттың 30% шет елден алынатыны мәлім. Қазақстанда АЭС салу үшін бір-бірін сәтті толықтыратын және өзара алмастыратын пассивті және белсенді қауіпсіздік жүйелері бар. Құрылыс үшін III және III+ буындарының барынша қауіпсіз реакторлары ұсынылады.
Жиынға қатысушылар Еліміздің ғылыми-техникалық прогреспен дамығанын қалаймыз деп өз ойларын ортаға салды. Электр станциясы салынса талай мүмкіндіктер орын алатынына сенімді. АЭС- еліміздің ғылыми әлеуетін арттыратын айрықша жоба. Шарада атом электр станциясы – экономиканың дамуына қуат беретін,жаңа мүмкіндіктердің бетін ашатын тың жоба екені айтылды.