Шымкентті толық ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Тұрғындар тіршілік нәрінен тапшылықты жаз маусымында сезінеді. Мұндай олқылық әсіресе Самал-3, Ұлағат, Бадам-1 шағынауданында байқалады. Сол себепті су қысымын реттегіш орнатылып, кейбір жердегі ескісі жаңартылып жатыр.
Жаз-күз айларында шымкенттік тұрғындар үшін ауыз су мәселесі өзекті болады. Себебі жұрт тіршілік нәрін екі есе көп пайдаланады. Оған қоса үй іргелік жерлердегі бау-бақшаны да суғарады. Бұл біріншіден ысырап болса, екіншіден су қысымының азаюына әкеп соғады. Тіпті шаһардың биік жерінде орналасқан үйлерге баруы қиындайды. Бұл мәселені шешу мақсатында Адырбеков көшесінен Шаймерденовке дейінгі диаметрі -300-ден диаметрі -160-қа дейін Ватутина су құбыры желісін қайта құрып, жаңарту үстінде.
Басқарманың инвестициялық бағдарламаларды орындауын табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері қадағалады. Коммуналдық мекеме қаладағы тозығы жеткен құбырларды ауыстырып жатыр. Бұл жұмыстар Самал-3, Тұран, Ұлағат, Бадам-1 шағынаудандарында атқарылған. Су құбыры және канализация басқармасына қарасты су құбырының ұзындағы 4854 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда оның 4,5 пайызы тозған.
Бүгінде аталған инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде су жүйелеріндегі нормативті ысыраптар шығыны 0,26 дейін төмендеген. Бұл өз кезегінде су жүйелеріндегі аппаттар саны 2022 жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткішпен 20% төмендетіп отыр.
Сондай-ақ, су тасымалдау қызметі бойынша тозу деңгейі 57.65 %-тен
56,5 % төмендесе, сарқынды суды бұру қызметі бойынша тозу деңгейі 75,29 %-дан 73,52 % төмендеуіне қол жеткізілді.