Shymkent Hub – Astana Hub басқаруындағы 15-ші өңірлік хаб. Оның негізгі
мақсаты – технологиялық кәсіпкерлікті ілгерілету, стартап-мәдениетті
қалыптастыру, IT-саласы мен цифрлық білім беруді дамыту.
Іс-шара аясында Tolem, Alaqan, Digital cargo мен iUtest сияқты еліміздің ірі IT-
стартаптарының көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар TechOrda бағдарламасы
шеңберінде IT-компаниялар, робототехника мектебі мен жеке IT-мектептер және Шымкент
қаласындағы инновациялық жобалардың жұмысы көрермен назарына ұсынылды.
Shymkent Hub қабырғасында Astana Hub-тың білім беру және инкубациялық
бағдарламалары жүзеге асырылады. Мұнда митаптар, пицца пэш , воркшоптар, Speaker
Talks, Idea Battle және IT-қауымдастықтың қалыптасуына ықпал ететін басқа да көптеген
түрлі іс-шара өтеді. Инкубациялық кезеңде стартап-жобаларды құру барысында
қатысушылар кәсіпкерлік негіздері бойынша білім мен инвестиция тартуда қолдау алып,
қаржылық есеп жүргізу және басқа да қажетті дағдыларды меңгереді.
2023 жылы еліміздің өңірлік хабтарында АКТ саласында 1200-ден аса іс-шара
ұйымдастырылып, оған 36 мыңға жуық адам қатысып, 400-тен аса стартап-идея ұсынылды.
Сонымен қатар өңірлерде АКТ бойынша 7 форум өткізілді. Бұл 102 компанияның Astana
Hub-қа қосылуына және өңірлерде IT-саланы дамытуды ынталандыруға септігін тигізді.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені
кеңейтудің маңызын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан
халқына Жолдауында атап өтіп, Astana Hub тәжірибесін кеңінен масштабтау міндетін
қойды. Бүгінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
бастамасымен және Astana Hub, әкімдіктер мен жеке серіктестердің қолдауымен еліміздің
15 өңірінде IT-хабтар табысты жұмыс істеп тұр.