Жаһандық энергия тапшылығының өсімін ескере отырып, Қазақстан сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтеді. Халықты толғандырған тақырып аясында үшінші мегаполисте «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Онда қоғам белсенділері АЭС-тің маңыздылығына тоқталды.
Президенттің айтуынша, атом энергетикасын дамытуға жіті назар аудару қажет. Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұр.
Шара барасында 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумның маңыздылығы айтылып, Қазақстанға қажетті таза энергия көзінің тапшылығы сөз болды. Сондай-ақ жиында отбасы мәселелері мен шаһардағы жұмыссыздық деңгейі айтылды.