Шаһардағы су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеу мен қайта құру жөніндегі 2021-2025 жылдарға беітілген инвестициялық бағдарламаның 2024 жылғы жоспары толығымен орындалған. Яғни дейді салаға жауаптылар.
Шымкент қаласының су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеу мен қайта құру жөніндегі инвестициялық бағдарламардың орындалу мақсатын хабардар ету үшін жоспарланған пресс-турға Шымкент қаласының жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам белсенділері, жауапты мекемелердің басшылары қатысты.
Пресс-тур барысында сала мамандары инвестициялық бағдарлама іс-шараларының 2024 жылы орындалуы барысмен таныстырды.
Бүгінде Шымкент қаласы халық санының өсуіне және қаланың мөлтек аудандарының кеңеюуіне, жаңа тұрғын алаптардың бой көтеріп, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылуына байланысты және тұтынушылар санының артуы мен су өткізу жүйелерінің тозуы мен ауыз сумен қамтамасыз етудегі су өткізу қабілетін арттыру үшін желілерді ауыстыру қарастырылған.
Аталған инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде су жүйелеріндегі нормативті ысыраптар шығыны 2023 жылмен салыстырғанда 18 %-ға дейін төмендеген. Бұл өз кезегінде су жүйелеріндегі аппаттар саны 2023 жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткішпен 20% төмендетіп отыр.
Сондай-ақ, су тасымалдау қызметі бойынша тозу деңгейі 4,6 %-дан
4,5 % төмендесе, сарқынды суды бұру қызметі бойынша тозу деңгейі 4,8 %-дан 4,7% төмендеуіне қол жеткізілді.