Шаһарда «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүргізіліп келеді. Жасыл желекті тазалау барысында Шымсити шағын ауданында орналасқан №31 үй күл-қоқыстан тазартылып, аумақтары ретке келтірілді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеген «Таза Қазақстан» акциясы Абай ауданында жалғасын тапты. Шараға белсенді жастар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Экологиялық акцияда №31 үйдің маңындағы қураған шөптер кесіліп, сыпыру жұмыстары жүргізілді.Тазалық акциясына жергілікті тұрғындар да белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл шара елді мекендердің тазалығын сақтауға және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылатыны сөзсіз. «Таза Қазақстан» акциясы елдің экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл аумақтарды ұлғайту және тұрғындардың табиғатты қорғау мәдениетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Алдағы күндері басқа да аудандарда жалғасын табатын болады.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










