Қыркүйек айында Қазақстанда жаңа саяси маусым басталады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, ол Президенттің Жолдауынан басталады. Мемлекет басшысы жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелерді қозғады.
Шымкенттік жастар Президенттің жолдауына қолдау білдірді. Жаңа Қазақстанды құруда жастардың атқаратын маңызы зор. Сондықтан жауаптылар Президенттің бастамасын түсіндіру жұмысын жастардан бастады. Енді мамандар Жолдауды насихаттау жұмысын өзге де білім беру ұйымдарында жалғастырмақшы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы — экономикалық және әлеуметтік дамуға серпіліс берді. Әдетте халыққа жасалған үндеуде ұзақ мерзімді мақсаттар айшықталса, бұл Жолдау нақты уақыт-мерзімі белгіленумен ерекшеленді.Президент екшеген стратегиялық бағыттар айқын. Оны жұмыла қолдап, ұстансақ, ұлы істерді, жетістіктерді кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жалғастырарымыз ақиқат. Осы мәселені алға тарқан жергілікті билік қазір арнайы топ құрып, халық арасында насихат жұмыстарын күшейтті.